Ақтөбе рельсі Ресейге экспортталатын болды
Жаңалықтар
22.11.2017, 13:26
Қазақстан мен Ресей арасындағы Халықаралық Үкіметаралық комиссияның Ақтөбеде өткен отырысы аясында маңызды құжатқа қол қойылды. «Ресей темір жолдары» ААҚ пен «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында отандық рельс өнімдері көрші елдің теміржол құрылысына пайдаланылатын болды.
16 қараша күні Ақтөбеде өткен Халықаралық Үкіметаралық комиссия отырысына ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, «ҚТЖ»ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаев, ал көрші елден РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов пен «РЖД» ААҚ президенті Олег Белозеров бастаған қонақтар қатысты. Меймандар теміржол рельсін өндіретін ірі кәсіпорын – Ақтөбе рельсарқалық зауытында болып, өндіріс барысымен танысты.
Қонақтарға зауыттың ерекшелігі туралы ҚР Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин айтып берді. «Зауыт толық заманауи технологиямен жабдықталған. Арнайы зертханасы бар. Еуразиялық Экономикалық одақтың барлық мүше мемлекеттеріне өнім жібере аламыз. Өнім сапасы өте жоғары», – деген Асқар Мамин ресейлік қонақтарға қазақ еліне қош келдіңіздер деп қонақжайлылық танытты.
Игорь Шувалов өз кезегінде Қазақстан ұзақ жылдардан бері Қазақстанмен байланыс орнатып келе жатқанын айтып өтті. «Осы уақыт ішінде Қазақстанның қарыштап дамып келе жатқанына куә болып келеміз. Екі ел басшылары үнемі екі ел арасында кооперация. интеграция құру керектігін айтып келеді. Ақтөбедегі рельс шығаратын зауыт осының бір айғағы », – деген И. Шувалов арнайы шақырту мен ыстық ықыластары үшін қазақстандықтарға алғысын жеткізді.
«Ресей темір жолдары» ААҚ пен «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» арасында ынтымақтастық орнату жөніндегі меморандумға «ҚТЖ»ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев мен «РЖД» ААҚ президенті Олег Белозеров қол қойды.
Ресейліктер қазақстандық өнімді теміржол инфрақұрылымын модернизациялауға пайдалану мүмкіндігін қарастырмақ. Жоғары сапалы ұзын рельстер жалпы қоолданыстағы және жоғары жылдамдықтағы магистралдарға қолдануға өте қолайды деген пікірде.
« Ресей үкіметінде теміржолды жаңғырту инвестициялық бағдарламасы қабылданды. Демек, алдағы жылдары Ресейде теміржол саласы дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, транзиттік тасымал артады. Екі ел президенттері Челябідегі кездесу кезінде де транзиттік маршрутты дамытуды тапсырған болатын», деді И. Шувалов.
РФ Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Қазақстанның үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын баса айтты. «Орталық Азия аймағы әлі де дамиды. Еуразиялық экономикалық одақ әрі қарай жұмысын жандандырады. Сонымен қатар, Еуразиялық одаққа кірмейтін елдер де қатар дамуы керек. Жаңа жолдар салынады, өндіріс дамиды. Сол кезде Қазақстандағы зауыттың көп көмегі тиетін болады», – деді ол.
Айта кетейік, Ақтөбе рельсарқалық зауыты пайдалануға берілген уақыттан бері 200 мың тонна өнім шығарған, оның ішінде теміржол инфрақұрылымы үшін 155 мың тонна, ал эскпортқа 5 мың тонна. Мұнда жылына 430 мың тонна өнім шығарылады. Оның ішінде жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған рельстер де бар. 2018 жылы толық қуатпен жұмысқа кіріседі.
2017 жылдың 9 айында кәсіпорында 31,2 млрд теңгеге 116,4 мың тонна рельс шығарылды. Өнімнің негізгі тұтынушылары – «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан және өзге де елдер.
Рельсарқалық зауытының директоры Андрей Кузьмин ағымдағы жыл соңына дейін Ресейге ұзындығы 120 метрліңк Р65 маркілі 7,5 мың тонна рельс жөнелту жөнінде құжатқа қол қойылғанын, бүгін-ертең рельс тасымалдайтын пойыз зауыт аумағына кіріп, алғашқы жүк Ресейдің Челябі қаласына экспортталатынын жеткізді.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты