«Қамқор» қосымшасы қолдау тапты
Жаңалықтар
22.11.2017, 13:29
«ҚТЖ» ұлттық компаниясында да Қазақстан кәсіпкерлері үшін өзіндік бір қалта көмекшісі болып табылатын «Қамқор» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері мен тексеру есебі және тіркеу тәртібі талқыланған жиын өтті.
Отырыста «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі Бахытжан Нұғұманов, ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Жиынды ашып, сөз сөйлеген Б. Нұғұманов мобильді қосымшаның компания мен оның еншілес ұйымдары үшін өзектілігіне тоқталды.
Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін «Қамқор» мобильді қосымшасын жасап шығару өте өзекті. Осылайша мемлекет біздің құқықтарымызды барынша қорғайтын болады, – деді өз сөзінде Б. Нұғұманов.
Жасап шығарылған мобильді қосымша туралы ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының бастығы Маралбек Ешимов баяндады. Барлық қатысушыларға аталған қосымшаны қалай қолдану керектігі және оның мүмкіндіктері туралы бейне ролик көрсетілді.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлер құқығын қорғауға зор көңіл бөлінуде. Бұл бағытта ҚР Бас прокуратурасы «Атамекен» ҰКП-мен бірге ауқымды жұмыстар атқарып келеді. «Қамқор» мобильді қосымшасы кәсіпкерлер үшін міндетті талаптардың бірі емес, бірақ ол заңсыз тексерулерге жол бермеуде қосымша құрал ретінде қызмет етеді. Қосымшаны пайдаланушыларға тексеру болатындығы туралы осы бағдарлама арқылы хабар беріледі. Сонымен бірге ол тексерушілердің мәліметтерін салыстыра талдай алады. Егер сәйкес келмесе, оларды тексеруге жібермеуге толық құқылы. Қосымшаны Android үшін Play Market арқылы және Ios үшін AppStore бойынша жүктеп алуға болады, – деді Маралбек Ешимов.
ҚР ЖТ арнайы есебі және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасының арнайы есеп бөлімінің аға прокуроры Бекбол Амангелдінің айтуынша, «Қамқор» қосымшасы арқылы кәсіпкерлер тексерілген зат пен оның жарамдылық мерзімі, құқықтық негіздемелері туралы ақпараттар ала алады.
– Сонымен қатар біз кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін осы интерактивті сервис көмегімен олардың арыздары және сұранымдарын да қадағалай алатын болдық. Комитетпен QAMQOR мобильді қосымшасы жасалып, ол мобильді құралдарға орнатылып жатыр, осындай ауқымды жұмыстар жасалуда, – дейді Б. Амангелді.
Отырысқа қатысушылар тексеру есебі мен тіркеу тәртібіне қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бейне конференция ұйымдастырудың арқасында отырысқа «ҚТЖ» ұлттық компаниясының еліміздің барлық өңірлеріндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Мадина ТҰРҒҰМБАЕВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты