Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі
«Самұрықнама: 20 игі іс» акциясы аясында ҚТЖ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларының әріптестерімен бірге «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты. Қатысушылар су арнасының маңайын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.
Игі іске ұласқан жақсы кездесуді жылы әңгіме, дәмді палау мен ыстық шай толықтырды. Тазалықты бірге сақтау – табиғатқа деген құрмет. Ал осындай ортақ бастамалар жаңа таныстықтар мен пайдалы нетворкингке жол ашады дейді сала мамандары.
Бұған дейін игі істер акциясы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы аппаратының қызметкерлері киім-кешек, кітаптар және тұрмыстық заттарды жинап, «Algys» әлеуметтік дүкеніне табыстады.
Бастама өзара көмек пен қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ заттарға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған. Осындай игі істер ұжымды біріктіріп, әр адамның үлесі ортақ көмекке айналатынын көрсетеді. «Мейірімділік қоржыны» акциясы теміржолшылардың ізгі дәстүрлерін жалғастырып, қамқорлық пен өзара көмек құндылықтарын дәріптейді.