Күрделі жөндеуге дайындық
Жаңалықтар
30.03.2018, 16:56
Бүгінде ел шығысындағы Аягөз жол дистанциясы қызметкерлерінің әр күні қарбаласқа толы. Кешегі бүкіл елді топалаң келгендей жайпап өткен су тасқынының бетін қайтарғандары сол, белгіленген телім бойларында жүргізіліп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстарын ширатып, алдағы уақытта өтетін, станция басын қамтитын 9,6 шақырымдық күрделі жөндеу жұмыстарына даярлық жасауды бастап жіберген.
Әрине, бұл ретте негізгі күш жолшылар қауымына түсетіні белгілі. Осы қарбалас кезде станция басында кең көлемде жұмыс жүргізіп жатқан аягөздік атақты жол шебері Қазбек Қамбаров пен оның командасын айтпай кетуге болмайды.
Қазбек Қасымұлын станция басындағы «Солтүстік қылтада» кезіктірдік. Табиғаттың қолайсыздығына, жауын-шашынды, жердің тоңы жібімеген, аяздың ызғары қайтпағанына қарамастан аягөздік жолшылар білікті жол шеберінің жетекшілігімен бағыттамалы бұрмаларға ағымдық жөндеу жүргізу үстінде екен.
– Менің қарамағымда 22 бағыттамалы бұрма бар. Оның 12-сі станциялық жолдарға жатады. Одан өзге қосылған кірме жолдар мен жол өтпелеріне техникалық күтім жүргізудеміз. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда осы ағымдық күтімнің маңыздылығы зор, – дейді жол шаруашылығында 28 жыл тер төгіп келе жатқан жол шебері.
Жалпы Солтүстік қылтаға қарасты 6-шы околодкадағы жұмыс қашан да тым қауырт. Мұнда әр телім жекелеген бригадаларға бөлініп берілген. Бүгінде білікті жол шеберінің қарамағында бес бригадир, 15 жол монтері бар. Басты міндет – уақыты жеткен шпалдарды, төсеуіштерді жаңалап, рельстер мен бағыттамалы бұрмаларды мерзімінде әрі сапалы ауыстыру. Сондай-ақ, станция басында ағымдық жұмыстар жүргізу. Қазбек Қамбаров әр бригадаға жұмыс барысын жіті түсіндіріп, тиісті тапсырмалар беруде. Өз ісіне аса мұқият жол шебері техникалық құрылғыларға, жолшыға қажетті құрал-жабдықтарға да баса назар аударады екен. Бұл – отыз жылға жуық қалыптасып қалған әдеттегі дағдысы деуге болады. Сонау қатардағы жолшы болып жүрген жылдары асай-түсейін түгендеп жүретін әдеті.
– Теміржолшы үшін қауіпсіздік – басты мәселе. Оның ішінде біздің жұмысымызда, жұмыс барысындағы еңбек қауіпсіздігі өз алдына жеке әңгіме. Сонымен қатар, пойыз қозғалысының, жолаушылардың да амандығы біздің қызметімізбен тікелей байланысты. Міне, нағыз жолшы осының барлығын жан-жүрегімен сезіне білгенде ғана нағыз майталман маманға айналады, – дейді Қазбек Қасымұлы.
Қазбек шебер басшылармен бірге ай сайынғы тексеру жұмыстарына да міндетті түрде қатысады. Мұнымен қатар, арнайы бұйрық негізінде айына екі мәрте өзі де жол бойына тексеру жүргізеді. Қырағылық – ең басты қаруы. Жұрт көрмегенді көріп, байқамағанды байқайтын қасиеті көп жылғы қанға сіңген әдеттен қалыптасқан деп санайды.
– Таңертеңгісін ғана жарты сағаттық жиын өткізіп, күн тәртібіндегі шаруаны пысықтап алып, жол бойына шықтық. Жұмысқа аттанарда жолшылардың қорғаныш көзәйнектері мен басқа да қажетті керек-жарақтарын Қазбек Қасымұлы өзі түгендеп шықты. Егер жолшылардың қолынан сапасыз еңбек құралын көрер болса, табан астында сөгіс береді, – дейді шебер туралы 6-шы околодканың жол бригадирі Қанат Қуандықов.
Бүгінгі таңда атқарылып жатқан шаралар биылғы жылға жоспарланған іргелі шаруалардың тек шағын ғана бөлігі екен. Алдағы уақытта 22 және 21-жол айрықтары аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Демек, білікті жол шебері Қазбек Қасымбекұлы мен оның командасы үшін нағыз еңбек майданы алда деген сөз.
Қуаныш Қожаев, Аягөз
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл