Жол бойында сақ бол, жаяу жүргінші!
Жаңалықтар
22.05.2018, 13:59
Республика аумағында жазғы каникул қарсаңында өткізілген Жалпыұлттық ата-аналар жиналысына «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлері де белсенді қатысты. Олар ата-аналар алдында теміржол нысандарында тәртіп сақтаудың Ережелерін түсіндірді.
Теміржолшылар жазғы каникул қарсаңында оқушылар мен олардың ата-аналарымен теміржол нысандары аумағында жүру Ережесін сақтаудың алдын алу шаралары бойынша кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, лекциялар оқуда. Елордадағы №15 орта мектепте өткен жалпыұлттық ата-аналар жиналысы барысында Астана локомотив пайдалану депосының машинисі Еркебұлан Құдабаев пен Асқар Хасанов теміржол маңында апатты жағдайды болдырмас үшін, барынша абай болып, сақ жүру керектігін баяндады.
«Жүргінші өзінің өмірін қауіптен қорғау үшін жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керек. Кейде адамдар небәрі 100 метр жерді қысқарту үшін басын қауіп-қатерге тігеді де, пойыз доңғалағының астында қалады», – дейді А. Хасанов.
Мектеп директоры Бауыржан Жәркеновтің айтуынша, әрбір ата-ана баласының сабақты жақсы оқуын қадағалап қана қоймай, жол ережесін сақтауын да бақылап жүргені жөн. «ҚТЖ–Жүк тасымалы» АҚ Техникалық саясат жөніндегі вице-президенті Иван Костыряның хабарлауынша, барлық жол бөлімшелерінде темір жолдар мен өткелдерде болатын оқиғалар санын азайту мақсатында кешенді шаралар өткізілуде.
«2018 жылдың төрт айында локомотив пайдалану депосының машинистері жолдағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін 700 мәрте шұғыл тежегішті басып, пойызды тоқтатқан. Соған қарамастан, жыл басынан бері пойыздың адамды қағып кетуінің бірнеше оқиғалары тіркелсе, оның ішінде балаларға қатысты орын алған келеңсіз жағдайлар да бар», – дейді И.Костыря.
Оның айтуынша, теміржолшылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолдарды, бағыттауыш бұрмаларды, теміржол өткелі арқылы көпшілік өтетін тұстардағы дыбыс зорайтқыштың қалыпты жұмысын, көпірлерді тұрақты түрде тексеріп отырады. Тексеру қорытындыларына сәйкес орын алған кемшіліктер мен тәртіп бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Қазіргі таңда жол бойына жақын орналасқан оқу орындары мен кәсіпорындарда, елді мекендерде теміржол қауіпсіздігі шаралары Ережесі бойынша лекциялар оқылып, бейнероликтер көрсетілуде.
Ескендір ЕРТАЙ
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады