Ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Жаңалықтар
22.05.2018, 14:02
Еңселі елордамыздың өркендеп, дамуында маңызды орын алатын өндірістік кәсіпорындардың бірі Локомотив құрастыру зауыты болса, оның жұмысының жандануына ықпалы зор GE Transportation компаниясы қызметінің де Астана қаласының, жалпы еліміздің теміржол көлігінің дамуындағы рөлі жоғары. Былтырдан бері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның 50 пайыз акциясына иегер GE Transportation 10 жылдан бергі ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанның темір жол саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді.        Соның айғағы өткен жылы GE-ның елордада өткен ЭКСПО көрмесіне қатысып, 2 индустриалдық конференция өткізуі және Ресей, жалпы ТМД бойынша елдер ішінде бірінші болып Қазақстанның жүк локомотивтеріне «Рейс оңтайлатқышы» цифрлық жүйесін орнатуы болды. Ал осы жыл басында GE 300 маневрлық локомотив жеткізілімі мен ТЭП33А сериялы 175 жолаушылар локомотивіне сервистік қызмет көрсету бойынша келісімге қол қойды. Сол шараның барысында бұл ынтымақтастықтың жемістілігін «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев та атап кеткен болатын. «GE Transportation-мен табысты ынтымақтастық орнаған жылдар ішінде біз стратегиялық әріптестікті болашақта дамытудың зор әлеуеті мен тиімділігіне көз жеткіздік. Осы он жылдан астам уақыт бойына Қазақстанның және жақын шетелдердің теміржолында кеңінен қолданысқа ие болған Evolution сериясындағы 300-ден астам заманауи локомотив шығарылды. Сенімді серіктесіміз, әрі көлік саласындағы машина құрастыру ісінің әлемдік көшбасшысымен  нәтижелі ынтымақтастығымыз бұдан әрі де жалғаса бермек», – деген болатын ол.       Ал GE Transportation-ның бүгінгі таңдағы бас қаржы директоры Джейми Миллер қазақстандық теміржолдың дамуы өңірлік тауар айналымды арттыру жағынан елдің экономикалық өсуіне қолдау үшін стратегиялық маңызға ие екенін жеткізді. Сондай-ақ ол «ЛКЗ» АҚ-ның акцияларын сатып алуды GE мен «ҚТЖ» АҚ арасындағы Қазақстанның қазіргі заманғы, сенімді теміржол инфрақұрылымын дамытудағы ортақ істе маңызды қадам деп санады. «Біз аталған зауытқа акционер болып, Қазақстан мен ТМД елдері үшін озық локомотив құрылыс технологияларын өндіріп шығаруды дамыту арқылы өңірді жаңғыртуға қатысқанымызға қуаныштымыз. Біздің миссиямыз инновациялық технологияларды қолдану арқылы өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту жолымен елдердің экономикалық өсуіне ықпал ету болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдар ішінде қарқынды экономикалық даму жолына түсті және осы орайда біз аталған трансформацияның бір бөлігі болып табылатынымызды мақтан етеміз», – деді ол.            Еске сала кетейік, «Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы «ҚТЖ» компаниясы мен «Трансмашхолдинг» ЖАҚ-ның бірлескен кәсіпорыны ретінде 50:50 қатысу үлесімен құрылған болатын. Зауыт Evolution сериялы GE жүк және жолаушылар локомотивтерін шығарады. Ал жоғарыда аталған 50 пайыз акционер болуы туралы келісім GE компаниясының өңірдің өндірісіне озық технология мен инвестицияны, ғаламдық тәжірибені әкеле отырып Орталық Азияны тұрақты дамытуға ықпал ететін ұзақ мерзімді жоспары бар екенін көрсетеді. GE Transportation-ның цифрлық шешімдері «ҚТЖ» жүк локомотивтері жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.

Ұлан ОРАЗ

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады