Тарихи жәдігерлер құны шексіз
Жаңалықтар
22.05.2018, 14:05
18 мамыр – Халықаралық мұражай күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының ғылыми техникалық ақпараттық блогы ұлттық компанияның бас ғимаратында арнайы көрме ұйымдастырды.
Халықаралық мұражайлар қауымдастығының бастамасымен әлемдік деңгейде 40 жылдан бері аталып келе жатқан бұл күнді теміржолшылар биыл атаусыз қалдырмады.
– Бұл күнді компанияда осылай атап өтуіміз тегін емес. Себебі біздің қоғам құрамындағы құрылымдық бөлімшелердің бәрін қоса алғанда 22 өндірістік мұражай жұмыс істейді екен. Соның 14-і инфрақұрылым дирекциясына қараса, жеті мұражай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамына қарасты және біреуі «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарамағында. Міне, бүгінгі көрмеде осы мұражайлардың еліміздің қай өңірінде орналасқандығын көрсететін арнайы карта жасаттық. Бұған қоса осы күнге арнап еліміздегі теміржол мұражайлары туралы шағын ақпараттық талдау жасалған кітапша түріндегі шолу дайындадық. Мұнда әрбір мұражайдың қалай құрылғаны туралы тарихи деректер келтірілген. Олардың негізгі залдары, маңызды экспонаттарынан суреттер салдық. Бұл шолу кітапша Қазақстан теміржолы тарихында бірінші рет басылып шығып отыр. Енді олар еліміз бойынша теміржол саласындағы 36 техникалық кітапханадан бөлек компанияның барлық мұражайларына, әрбір ардагерлер кеңесінің орындарына қойылатын болады, – дейді Техникалық орталықтың бас менеджері Наталья Смольянова.
Сонымен қатар теміржолшылар өздерінің қызметтік ортақ компьютерлік желісінен осы шолу кітапшаның электронды нұсқасын ашып, оқи алатын мүмкіндік жасалды. Мұражай ненің құрметіне құрылған, мәселен, мекеменің қандай да бір мерейтойлық тарихына байланысты ашылған болар, сол туралы және кімнің бастамасымен құрылған, әрбір мекемені алғаш басқарған басшылар кімдер, сол сияқты құнды мәліметтер қамтылған.
– Елбасымыз айтқандай, өткеннен сабақ алмай, болашаққа бағдар жасай алмайсың, тарих бізге сол үшін керек. Ал сол өткен күннің белгісі, ізі осы мұражайларда жатыр. Бұл сонымен қатар қызметкерлеріміздің патриоттық сезімін де арттырары сөзсіз. Компанияның Техникалық орталығы ғылыми техникалық ақпараттық блогының бұл бастамасын жыл сайын дәстүрге айналдырмақпыз. Компания басшылығы теміржолдың мұражай ісін дамытуға қашан да қолдау білдіріп келеді. Осындай шаралар арқылы ардагерлерімізді де, қызметкерлерімізді де теміржолдың мұражай ісін дамытуға атсалысуға шақырамыз. Яғни, ел теміржолымен байланысты құнды жәдігерлері, дүниелерін өткізіп, қорымызды байыта алады. Мәселен, өз қалауларымен қандай да бір экспонаттар, жұмыс формалары, құнды құжаттар, төс белгілерін өткізуіне болады. Бұл бір жағынан осы дүниелердің мәңгілік мұра болып сақталуына кепіл, әрі келер ұрпаққа жетер, оларға өткеннен мәлімет берер тарихи жәдігер болып қалары сөзсіз, – дейді ұлттық компанияның техникалық орталығы директорының орынбасары Айман Әлімжанова.
Көрмені сала мамандарымен қатар болашақ теміржолшы болатын студенттер де келіп тамашалады. Шағын көрмеге негізінен техникалық кітапхананың мәдениет пен өнер бөлігінен әкелінген әлем мен Қазақстанның тарихы, өркениеті, мұражайлары туралы өткен ғасырда жарық көрген құнды кітаптар мен журналдар да қойылған.
Райхан РАХМЕТОВА
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады