Шахизат Сарина, Маңғыстау
"Маңғыстау.кз" жарады
Оқуға 1 мин
Түбектің жас теміржолшыларынан құралған "Маңғыстау.кз" жайдарманшылар командасы соңғы кезде тәп-тәуір өнер көрсетіп, көптің ықыласына бөленіп жүр.
"Жайдарманның" Маңғыстау облыстық ашық чемпионатына қатысқан олар жуырда 1/4 ширек финалдан 1/2 жартылай финалға жүлделі 1-ші орынмен өтті. Жас теміржолшы жайдарманшылардың жеңісін бүкіл әріптестері бөлісіп, әлеуметтік желілерде сүйіншілеп таратты.
Олардың жарасымды әзіл-қалжыңдары мен киімдері, қимыл-қозғалыстары көрермен мен әділқазылардың көңілінен шыққаны залды дүр сілкіндірген ду қол шапалақтардан білініп тұрды. Осылайша өнермен жеті қайнаса сорпасы қосылмайтын салада жүрсе де теміржолшылар өздерінің құралақан еместігін, қаласа «сегіз қырлы» бола алатындарын дәлелдеді.