Жұмыла көтерсе – жүк жеңіл
Жаңалықтар
22.05.2018, 14:34
Өткен наурыз айында алдымен Аягөз қаласында, соңын ала Семей шаһарының Ертіс жағалауында орын алған көктемгі су тасқыны теміржолшы қауымын да біршама әбігерге салған болатын. Аталмыш табиғат апатынан зардап шеккен сала қызметкеріне көмек көрсетілуде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, үй-жайлары бүлініп, дүние-мүлкі жарамсыз болғандарға бірінші кезекте жұмыс берушілер тарапынан жәрдем көрсетілді. Мысалы, олардың қатарында әскерилендірілген күзет қызмткерлері де бар. Бүгінде «Құрметті теміржолшы» Асхат Искаков басқаратын «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Семей филиалы – ел шығысындағы желі бойын тұтас қамтып жатқан іргелі мекеме. Бүгінде 800-дің үстінде қызметкері бар филиалдың бірнеше қызметкері көктемгі табиғат апатынан залал шеккен болатын. Әуелгі кезекте Аягөз станциясындағы команданың қос мүшесінің үйлері тасқын су кесірінен бүлінді. Оларды ӘТЖК АҚ Семей филиалы басшылығы ұжым мүшелерін қиыншылықта қалдырған жоқ. Мекеменің кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ақылдаса келе, заң аясында қомақты көмек көрсетті. Филиалдың барша қызметкерлері тайлы-тұяғы қалмай бір күндік жалақыларын аударып, қаржылық жәрдем жасады. Ол үшін зардап шегушілер арнайы тіркелген есепшот ашқан болатын. Осылайша бір миллионнан аса қаражат соңғы тиынына дейін қайырымдылық ретінде табиғи апат зардабын шегушілерге толық берілді. Бір-ақ сәтте үй-жайы бүлініп, мал-мүкәммалынан айрылып қалған жандарға бұл үлкен көмек болғаны анық.
Десек те, апат айтып келмейді. Араға екі аптадан аса уақыт салып, қар суымен молайған Ертіс суы ернеуінен асып, Семей шаһарының бәзбір аудандарын да басып қалды да, ӘТЖК-нің жергілікті үш қызметкерінің үйін ағын су шайып өтті.
Төтеннен келген бұл оқыс жайт та Асхат Искаков бастаған күзетшілер ұжымын бей-жай қалдырған жоқ. Мекеме директорының орынбасары Арай Шаменов пен кәсіподақ төрағасы Амантай Қатпеновтер қиыншылыққа ұшыраған әріптестерінің жанынан табылып, олардың отбасы алғашқы көмек алуларына күш салды.
– Мекеме басшылығымен бірге үйлері табиғат апатына ұшыраған, көңілі сынық әріптестерімізге арнайы бардық. Аулаларында тасқынмен ағып келген, кісі бойы боларлық мұз сеңдері жатқанын көріп жаға ұстадық. Бейне бір айсбергтер шөгіп жатқандай әсер қалдырды. Ал, үйлеріне, тірнектеп жинаған қаражаттарына жуырда ғана еурожөндеу өткізген екен. Сау-тамтығы қалмай бүлінген. Қора-жай, көлік тұрағындағы мүліктері, азық-түліктері де жарамсыз болыпты. Мұндай жағдайда қиындыққа тап болған ұжым мүшелеріне көмек көрсетпей болмайды. Республикадаға өзге филиалдар да жағдайға түсіністікпен қарап, бірден көмек қолдарын созды. Қайырымдылық мақсатында қаражат жиналып, әр әріптесімізге миллион теңгеге жуық қаржы бердік. Ол әр азаматымыздың заңға сәйкес ашылған жеке есепшотына аударылды. Ал бірден көмектерін ұсынып, жанашырлық танытқан өзге облыстардағы әріптестерімізге айтар алғысымыз ұшан-теңіз, – дейді ӘТЖК Семей филиалының кәсіподақ ұйымының басшысы, осынау істің басы-қасында жүрген Амантай Қатпенов.
Жалпы, Әсерилендірілген теміржол күзетінің жігіттері қай кезде де елдік шараның басынан табылып, қайырымдылық жасаудан алдарына жан салмайтынын баяғыда дәлелдеген үлкен ұжым. Бұл жолы да Алматы филиалы директоры Мұхтар Шпекбаев, Шымкент филиалы директоры Бекболат Түзелбаев, Тараз филиалының басшысы Бауыржан Төлепбергенов, Қарағанды филиалы директоры Совет Жұмашев пен Атырау филиалы бастығы Жәнібек Абдрахманов, Қостанай облысындағы филиал директоры Қанат Өтеповтер елдің алды болып семейлік әріптестеріне қол ұшын созыпты.
Дәл осындай көмек алапат су тасқыны болған Зырян қаласындағы бір қызметкерге де жасалынған. Бір бұл емес, кәсіподақ басшысының айтуынша, енді бірер күнде бұл алты жұмысшыға 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт аясында 50 АЕК көлемінде материалдық көмек жасалмақ. Әрине, ол да айтарлықтай жәрдем болатыны сөзсіз. Бастысы – қайырымдылық сынды ізгі қасиеттің осындайда айқын көрініс тапқаны көңілдерге қуаныш ұялатады.
Қуаныш Қожаев, Семей
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады