«Темір адам» - теміржолда

Жаңалықтар
19.06.2018, 14:36
«ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana триатлоны бойынша халықаралық жарысқа қатысып, «Темір адам» атағын алды. Жарысты Қазақстандық триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов  ашты. Ол өзінің құттықтау сөзінде мұндай жарыс ТМД аумағында бірінші рет және Астананың 20 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқанын, бұл елорданың мерейтойына тамаша сыйлық болатынын атап өтті. Ауқымды шараға 47 елден 1300-ден артық спортшы қатысса, соның 700-ге жуығы қазақстандық екен. IRONMAN 70.3 дистанциясы үш үздіксіз кезеңді қамтиды: жүзу (1,9 км), веложарыс (90 км),  жүгіру (21 км) жалпы ұзындығы 113 км немесе 70,3 миль. Барлық дистанцияға 8 сағат 30 минут беріледі. Бір күндік спорт жарысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев үздік нәтиже көрсетті. Оның дистанцияны бағындырудағы жалпы уақыты 5 сағат 40 минутты құрады. Ол 2100 метрді 39 минутта жүзіп өтіп, веложарыста 90 километрді 3 сағат 11 минутта  бағындырды, ал 21,2 километрді 1 сағат 50 минутта жүгіріп өтті. Осылайша спортшы дистанция толық бағындырып, үздік нәтижесімен дараланып, «Темір адам» атағын жеңіп алды. – Жүгіруге менің қызығушылығым, өткен жылы «ЭКО Марафон Run in the Dark» дистанциясын жүгіріп өткеннен кейін пайда болды. Бүгін мен IRONMAN 70.3. сияқты ауқымды спорттық оқиғаның бір бөлігі болып отырғаныма қуаныштымын. 10 ай дайындалуды қажет ететін нәтижеге мен 5 ай ішінде қол жеткіздім, – дейді Сағат Қабиев. – Біздің компанияда салауатты өмір салтын ұстануға және спортқа үлкен көңіл бөлініп отыр, ал біз сияқты әуесқой желаяқтарды жеңілатлетшілерге арналған жалпы топ біріктіреді, біз онда жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ұмтыламыз, келешек жоспарларын талқылаймыз және ортақ спорттық мақсаттарды алға қоямыз. Өз кезегінде 6 сағат 4 минут нәтижесін «Қорғас-Сервис» ЖШС директоры Ардақ Нұғманов көрсетті. Триатлонда қатысу мақсаты мен Ironman атағын алуды ол өзінің қысқа және ұзақмерзімді жоспарларын жазып жүретін қойын дәптерінде 2012 жылы жазыпты. Ардақ үшін ең үлкен сынақ су болыпты. Ол суда жүзіп үйренуді тек 40 жасында үйренген екен, оның үстіне бала кезде бір батқаны бар, міне осы үрейді де жеңу керек еді. Жұмыста оның спортқа құштарлығын әріптестері бірауыздан қолдапты. Ол Алтынкөл көлінде ашық суда жүзіп үйренгенде, әріптесі Мақсат Сағибеков резеңкелі қайықпен оның қасында ілесіп жүріпті. Велосипед тебу, жүгіру сияқты спорт түрлерімен айналысуды да ұмытпай, апта бойы Нұркенттегі жолды «тоздырыпты».   Бұлтарысы көп спорт жолының қиындығына қарамастан, көрсеткіш жақсы, нәтиже бар. Ардақ бұл жетістікке жетуіне тума-туыс, дос-жаран, әріптестерінің де үлкен рөл ойнағанын айтады. Олардың көбісі жарысқа келіп, ал енді біреулері интернет арқылы трансляцияны көріп, қолдау білдірген екен.   – Біз тамаша нәтиже, керемет сергектік қуатын алдық. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Астана спортшыларды жақсы қарсы алды, жолдары да керемет. Бұл керемет драйв. Армандар орындалады!  – дейді Ардақ Нұғманов.  «Қорғас» ХШЫО» АҚ президенті Қахарман Джазин болса, фотографтың рөлінде болып, өз қызметкерінің финишке жеткен суретін тарихи оқиға ретінде түсіріп те алған көрінеді. - Мұндай халықаралық жарыста ең бастысы – қатысу. Бірақ, жеңіске деген мұндай спорттық ерік-жігер еліктеуге лайықты өнеге болмақ, – деп түйіндейді өз ойын компания жетекшісі.

Мадина ТУРГУМБАЕВА,

Ирина БЕКТИЯРОВА

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл