Біліктілікке басымдық берілген
Жамбыл темір жолына қарасты екінші санаттағы Бурыл станциясы облыс орталығы Тараз қаласының аумағында орналасқан. Сондықтан, мұнда жаяу жүргінші халықтың қауіпсіздігі қашан да басты назарда.
Оның үстіне «Станция бастығының жылына» орай мұндағы сауықтыру шаралары да ауқымды жүріп жатыр. Станцияда негізінен жүк тиеліп, түсіріледі. Көбіне халық тұтынатын тауарлар тиеледі. Сондықтан, облыс орталығындағы кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізеді. Қазір, мысалы, науқанды көкөніс тиелуде.
– Әрине, біз жергілікті кәсіпкерлермен қоян-қолтық жұмыс жасауды әбден меңгергенбіз деуге болады, олардың сұранысын қанағаттандыруда барлық шараларды қолға алып отырмыз. Жыл он екі ай жүк тиеу және түсіру көлемі бірқалыпты. Жүк тиеу көлемі тәулігіне – он-он бес вагон. Ал жүк түсіру көлемі отыз вагонға дейін жетіп жығылады кейде, – деп ақпар берді станция бастығы Айдын Сейтбенбетов.
Биылғы «Станция бастығының жылына» орай станция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шаралары күшейіп отыр екен. Станция бастығының айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес техникалық оқуға басымдық берілген. Халық тығыз орналасқан елді мекендердегі секілді мұнда да қауіпсіздік мәселесіне бірінші кезекте көңіл бөледі. Станция қала ішінде орналасқандықтан тұрғындар екі беттен де мектепке, жұмысқа, тіпті базарға өтеді. Бұл жерде бір ғана қызметтік жол бар. Тұрғындар сол жолмен жүреді. Әу бастан станцияда жаяу жүргіншілерге арналған жол қаралмаған екен. Алайда, бүгінде станция аумағынан жаяу жүргіншілер легі көп өтетін болғандықтан, өтетін жол немесе көпір қажеттігі көптен айтылып жүрді. Жуырда осы округтен сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Нариман Мауленовтің ықпал етуімен қажетті құжаттар жасалып, заң Астанадан рұқсат алып, арнайы жол белгілерін қойып, жаяу жүргіншілер өтетін өтпе пайда болғаны жайлы өткен бір санда жазған болатынбыз. Бетон құйылған жол рельстерге кедергі келтірілмейтіндей етіп ыңғайлы да қауіпсіз жасалған. Содан бері адамдар, бала арбалары мен велосипедтер де осы жол өтпесінен өтетін болыпты.
Ал мал басының темір жол бойына шығуы Бурылда сирек көрінеді. Бұрын мал базары осы маңда орналасқан кезде ондай жағдай ішінара кездесіп тұрған. Қазір мал базары басқа аумаққа көшірілгелі, әрі тұрғындар мал басын қала ішінде ұстамайтын болғандықтан, төрт тұяқты бұл маңда жоқтың қасы.
– Оның үстіне темір жолға жақын орналасқан үй тұрғындары мен мектептерге жиі барып, кездесулер ұйымдастырып, қауіпсіздік жайын естеріне ұдайы салып отырамыз. Бұл мақсаттағы жұмыста жергілікті билік өкілдері де көмек беріп отыр. Станцияда сегіз жол бар. Бірінші жол негізгі. Қалғаны қабылдап алу және жөнелту шараларына арналған. Жамбыл-Жаңатас бағытындағы қала маңы жолаушылар тасымалы станция үстінен өтеді. Аптаның бейсенбі күнінен басқа күндері тұрақты жүріп тұратын жолаушылар пойызы станция басына үш минутқа тұрақтайды. Асқаров көшесінің соңындағы орталық базар мен «Ауыл-Береке» базары станцияға жақын орналасқандықтан тұрғындар осы станциядан мінеді. Ал, ол тұрғындар үшін өте тиімді. Жолаушылар тасымалының бағасы қалтаны да қақпайды, – дейді станция бастығы.
Жалпы, Бурыл станциясы орналсқан жер – бау-бақшалы, жасыл желекке малынған табиғаты әсем. Станция маңында канал бар. Көктемгі және күзгі тазалық айларында теміржолшылар жергілікті әкімдікпен бірлесіп каналды тазартып, айналасын абаттандырып тұрады екен. Дегенмен, осы каналды жағалай отырған тұрғындардың салғырттығынан канал жағасы тұрмыстық қалдықтарға жиі толып қалатынына қынжылыс білдіреді станциялықтар.
Шағын болса да шаруасы шаш етектен станция басында құрамалар қозғалысы күндіз-түні бір тынған емес. Станция бастығының мәліметіне сенсек, соңғы жылдары бөлімше бойынша жақсы көрсеткіштерімен көзге түсіп, алдыңғы лектен көрініп отырған Бурылдың биылғы жылды табысты қорытындылауына барлық негіз бар.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті