Жауапкершілік бәріне бірдей
Жүк тасымалын арттыру үшін теміржолшылар жүк жөнелтуші тараппен үнемі тығыз байланыста, бірлікте жұмыс істейді. Дегенмен, кейде кедендік тексеруді күтіп, жүк жөнелтушілер мен алушылар жауапсыздығынан станциядағы жұмыс кестесіне кедергі келетін жағдайлар да орын алады.
Мысалы, Қазығұрт станциясында тек вагондар сұрыпталмайды, сонымен қатар он шақты кәсіпорынның жүктері жан-жаққа жөнелтіледі.
– Өзбекстаннан сода өнімі келгенмен, уақытылы кедендік тексеруден өте алмай, 2-3 күн тұрып қалады. Бұл жерде кінәлі кедендік бекет емес, жүк алушы. Яғни, соданың негізгі иесі Алматыда отырып, Шымкенттегі өкілін жұмсайды. Ал ол болса қағаздары тура болмай, жүкті алу үшін 2-3 күн жүреді. Кеше тыңайтқыш келіп, тағы бірнеше күн тұрды. Жүк алушыларда жауапкершілік аз. Уақытында қаржысын төлеп, құжатын дайындап қойса, бізге де кедергі болмас еді. Кейбір клиенттердің жүк түсіретін кірме жолы болмағандықтан, басқаның кірме жолын пайдалану үшін сол кірме жолдың иесі, біз және жүк тиеуші арасында үш жақты келісім жасалады. Сондай қағазды дер кезінде дайындамаған соң кедендік бөлімнен уақытымен өтпей, екі-үш тәуліктеп тұрады. Бұның кесірі біздегі жүк айналымына тиеді. Мысалы, бізге жергілікті вагондардың айналымына 16 сағат беріледі. Ал осы себептен жүк үш күн тұрса, 72 сағатты құрайды. Содан келіп станцияның көрсеткіші өзгереді. Сондықтан, тараптар жауапкершілік жүгі бәріне бірдей екенін ескеруге тиіс, – дейді Қазығұрт станциясының бастығы Тоқтасын Қалмырзаев.
Станция бастығының айтуынша, кеден бекетінің бес күндік жұмысы да жүктің тұрып қалуына кедергі. Мәселен, жұма күні кешкі 16.00-де келген вагондар алдыңғы вагонның көптігінен сол бойы кезек күтіп, дүйсенбі таңертең өтеді. Ең болмаса, кеденшілер сенбі күнгі 15.00-ге дейін жұмыс істесе, дүйсенбіге тек жексенбі күні келген жүктер ғана қалар еді.
Станция басшылары кедендік тексеру бекетінде сенбі мен жексенбі күндері де бір маман отырып, жүктерді екі күн қаңтармай өткізе берсе деген ұсыныспен шыққан екен. Қазығұрт, Шымкент, Қорғасын, Қызылсайдағы теміржолмен жүк жөнелтетін клиенттер қосылып, кедендік бақылау комитетіне шығып, олардың сенбі күні түске дейін жұмыс істеуге көндірсе, кедендік тексеруді сенбі күнге де ауыстыруға болады. Сонда жүк алушылар мен жөнелтушілер уақыттан ұтып, артық тұрған вагондарға шығын шығармас еді деп болжам жасалмақ.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті