Жемқорлыққа «жоқ» де, жолсерік...
Жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу Елбасы Жолдауындағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Жуырда жемқорлық деректерінің алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Қызылорда-Семей бағытындағы және бөлімшеден жүргізілетін облысаралық жолаушылар пойыздарының жолсеріктермен кездесу өтті.
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының «Жолаушылар тасымалы» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырған шара барысында «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін, еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретінін айта келе, жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, оларды алдын алуда әр адам өз құзыреті шегінде күрес жүргізу керектігін айтты.
«Жолаушылар тасымалы» БПҰ төрағасы Алмас Даутбаев әрбір жолсерік жемқорлыққа «жоқ» дей білсе, бұл індетті жоюдың тіпті де қиын еместігін сөз етті. Ол үшін әрбір жолсеріктің адал жұмыс жасауы, жолаушыларға сауатты әрі білікті, жоғары сервисті қызмет көрсетуі, жолсерік атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуы қажеттігі, ал заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылатынын ескертсе, Қызылорда ЖІІБ-нің полиция майоры Асыл Сапарбек жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең, жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ міндет екенін ескертіп, жолсеріктерді қызмет бабын пайдаланып, жемқорлыққа жол бермеуге шақырды.
Сапарға шыққалы тұрған қызылордалық жолсеріктердің жолаушыларға қызмет көрсетуде сапалы нәтижеге қол жеткізіп отырғаны да айтылды. Мысалы, жол үстінде жолаушы ауырып қалса, енді бірде жолаушы тосын жайға ұшырап жолсеріктердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болып жатады. Сондай жағдайларда өздерінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жолаушының жанынан табылып жүрген жолсеріктердің аттары аталып, алғыс алды. Бір сапарда, мысалы, Алматыдан Қызылордаға келе жатқан 25 жастағы Гүлсім атты қыздың ұстамалы ауруы ұстап, құлап қалыпты, жолсеріктер дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалған. Тағы бірде Алматыға бара жатқан пойызда жүкті әйелді пойызда босандырып алып, шекесі торсықтай ұлдың дүниеге келуіне дәнекер болған жолсеріктер мерейлері үстем болыпты.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті