«ҚТЖ» ҰК »АҚ мен Қытайдың ірі логистикалық компаниялары Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік тасымалдауды дамытуға келісті

Жаңалықтар
14.12.2018, 12:43

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Санжар Елубаев бастаған делегация Қытайға жасаған сапарында Пекин, Шанхай, Ченду және Үрімші көліктік-логистикалық алаңының басшылықтарымен көліктік-логистика саласындағы ыңтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 

«Үрімші темір жолдары» ЖШҚ Басқарма Төрағасы Чжан Хайтаомен болған кездесуде 2018 жылдың 11 айындағы халықаралық жүк тасымалы көлемі бойынша қорытындысы шығарылды және 2019 жылға арналған жоспарлар талқыланды. 

Сиань, Сучжоу және Иву қалаларының қытайлық логистикалық алаңдары басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Тараптар Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту ыңтымақтастығының қазіргі жайы мен перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, Транкаспий дәлізіне қатысушы-елдер, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа елдері мен Қытай арасындағы бағыттарға сервис пен жеткізу логистикалық тізбегін дамыту және жүктер тасымалы көлемін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында қазақстандық делегация «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портының қатысушысы болып табылатын Ляньюнган портының Президенті Чжу Сянянмен және COSCO Shipping Corporation Limited бас директорының орынбасары Суй Цзюнеммен кездесті. Тараптар инвестициялық және логистикалық ыңтымақтастық бойынша бірлескен жоспарларын белгіледі, сондай-ақ қазақстандық транзиттік дәліздерді халықаралық логистикалық желіге интеграциялауды қамтамасыз ету және жаһандық логистикалық сервистердің архитектруасының құрамдас бөлігі болған, Құрғақ порт жобасының сәтті дамуын атап кетті. 

«Біздің әріптестігіміз жағрафиялық қатыстығымыз және тарифтерге ықпал етуіміз есебінен трансконтиненталдық транзиттік тасымалдарға бақылау орнату және Түркменстан, Өзбекстан, Каказ бен Түркия бағытына тасымалдау географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді», деп атап кетті С.Елубаев. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қытайдың ірі логистикалық компанияларымен Контейнерлік тасымалдарды дамыту және ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды. 

Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді