Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)

Қауіпсіздік
30.08.2024, 10:52
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының Болашақ станциясында қауіпті жүктің төгілуінің алдын алу бойынша оқу-жаттығу өтті. Онда жергілікті мемлекеттік құрылымдар мен Болашақ өрт сөндіру пойызы орын алған жағдайда талапқа сай әрекет ету жолдарын пысықтап, дайындығын шыңдады. 

«Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын тұз қышқылының ағып кетуінен туындаған төтенше жағдайды жою бойынша іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында жүргізілген оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы, АЦ-7-60 өрт сөндіретін «КамАЗ» және «Жедел жәрдем» автокөлігі тартылды. 

 

Қауіптің алдын алу және салдарын жою шарасы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жоспарына сәйкес Қарақия аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысы бойынша және Маңғыстау қосалқы бөлімі мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелері басшыларының бекітуімен өткізілді.  

...Оқу-жаттығу сценариі бойынша Болашақ станциясының №5 жолына тақ бағытта келген пойыздың жүк вагонынан тұз қышқылы ағып кетеді. Туындаған қауіппен күреске қажетті мекемелердің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылады. Болашақ ауылындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен станцияда орналасқан құрылымдық бөлімше басшылары да сол жерден табылып, жаттығу барысын қадағалады.  

– Паркті қарап келе жатқан шекарашы жігіт цистернаның қасына келгенде ағып кеткен тұз қышқылының салдарынан есінен танып қалады. Оны байқаған қызметкерлер дереу тиісті орындарға хабарлап, әрі қарай қауіптілігі бойынша үшінші топқа жататын тұз қышқылының төгілу салдарымен күреске кіріседі. Шекарашы жігітке шұғыл түрде «жедел жәрдем» жетіп, тиісті көмек көрсетіледі. Ал қауіпті жүгі бар вагон құрамнан ағытылып, №10 жолға қойылып, құтқару, оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Вагон қоршалып, су, топырақ шашылып, беті зарарсыздандырылды. Одан соң тағы да сумен шайылып, тазаланды. Бұл шараларға Болашақ өрт сөндіру пойызынан жеті адам қатысты. Пойыздан 1 тонна 600 литр су, өрт сөндіру автокөлігінен де 1 тонна су жұмсалды. Тұз қышқылы өрт қаупін тудырмағанымен, оның адам денсаулығы мен экологияға зияны бар. Сондықтан ағып кеткен жер қабаты жылдам тазаланып, әсері жойылды, – дейді Болашақ өрт сөндіру пойызының шебері Ерболат Бытықов.  

Төтенше жағдай туралы хабарлама өрт сөндіру пойызына сағат 11.15-те түскен. Сағат 11.44-те төтенше жағдай толығымен бейтараптандырылған.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады