2018 жылы «Қорғас» халықаралық шекаралық ыңтымақтастық орталығында 1 млн 200 мың турист болыпты

Жаңалықтар
11.01.2019, 14:50

«Қорғас» ХШЫО барушылар қатары 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 8% артқан, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 

Бұған туристердің қатынауы мен инвесторлардың бизнесін ашық жүргізуі үшін жағдайлар жасау жөніндегі қабылданған шаралар ықпал еткен. Сонымен, жүк терминалының аумағы 900- ден 3500 шаршы метрге дейін ұлғайтылды және жаңғыртылды. Аумағы 1800 шаршы метрді құрайтын жайлылығы жоғары күту залы да бар. 

15 шағынтонналық жүк автокөлік құралдары бар парк жаңартылды. Бұл келушілер жүктерін қабылдау нүктесінен жүк терминалының беру орынына дейінгі аралыққа жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Келушілердің жайлы қозғалысы бойынша бірыңғай оператор жұмыс істеуде. 

Қазіргі таңда «Қорғас» ХШЫО АЭА қазақстандық және шетелдік қатысушыларын әлеуметтіктен өзге, негізгі салықтардан босату туралы мәселе шешілуде. 

ҚР мен ҚХР айрықша жобасы – «Қорғас» ХШЫО берілуі – сауда, экономикалық, туристік және инвестициялық ыңтымақтастық үшін қазақстандық бөліктегі аумаққа инвестиция тарту мен кәсіпкерлік қызметтерді дамытуда АЭА статусы қолайлы жағдайлар жасайды. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша 193 000 шаршы метр ғимарат аумағы және 32,7 гектар аумақта құрылыс жүргізуге 12 инвестициялық компания тартылды. «Қорғас» ХШЫО жұмыс істеген жылдары инвестициялық нысандарды салуға 21 келісім жасалды. Инфрақұрылымдық нысандарды қоспағанда, жер учаскелерінің аумағы 113,5 гектарды құраса, ғимараттардың аумағы 805,4 мың шаршы метрге жетті. 


Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді