Машинистердің «өз үйі – өлең төсегі»
Жаңалықтар
31.08.2016, 16:14
Жуырда Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жанынан локомотив бригадаларының демалыс үйі пайдалануға берілді. Мұнда машинистер мен олардың көмекшілеріне кезекті рейстен кейін жайлы орында демалып, тынығуына жағдай жасалған.
Он жатын орны мен жуынып-тамақтанатын, киім ауыстыратын, демалатын бөлмелері бар шағын демалыс үйі аймақтағы локомотив бригадаларының қажетін толық өтейді.
Қай жерде сапарда жүрсін, локомотив бригадаларының кезекті ауысым алдындағы демалысын ұйымдастыру теміржолшылар үшін ежелден бұлжымас заңдылық, басты шарт. Бертінге дейін локомотив бригадалары Маңғыстау елді мекенінде №26 жатақхананың жалдамалы екі бөлмесінде орын теуіп келді. Алайда, жатын орынның талапқа сай келмеуі, жаз мезгілдерінде ыстық, қыс айларында салқын болатындығы, сондай-ақ, сумен қамту қызметінің көңіл көншітпейтіндігі осыған дейін талай рет көтерілген мәселе болатын. Міне, «Локомотив сервистік орталығы» АҚ филиалы «Локомотив» АҚ құрамына қосылғаннан кейін ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, машинистер үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған демалыс үйіне айналып отыр.
─ Локомотив бригадалары – біздің негізгі күшіміз, сондықтан оларға жағдай жасау бірінші кезекте. Біздегі Бейнеу, Маңғыстау, Жаңаөзен, Шетпе, Сайөтесті қосқандағы локомотив деполарына қарасты штат саны 760 адамды құрайды. 530 локомотив бригадасы бар, оның ішінде 260 машинистер және 270 машинист көмекшілері. Демалыс орнында қарастырылған 10 орын әзірге Жаңаөзен, Бейнеу бағытынан келетін локомотив бригадаларына толықтай жетіп тұр. Біздің басты мақсатымыз – сол локомотив бригадаларының талапқа сай тынығып-демалуына жағдай жасау. Жақсы демалған бригада жолда қырағы отырады, жұмысқа қабілеті өседі, жұмыстың өнімділігіне едәуір септігін тигізеді, ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталады, – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосының кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов.
Оның айтуынша, болашақта Бейнеу, Сайөтес станцияларында да машинистердің демалыс үйлерін жетілдіріп, оған спорттық бөлмелерді де қосу жоспарланып отыр екен.
Әсел ТАҢАТАРОВА
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті