Атбасарлық вагон қараушы күрделі ақау тауып, болуы мүмкін апаттың алдын алды

Жаңалықтар
14.01.2019, 13:50

Атбасарлық вагон қараушы Александр Кучма жаңа жыл алдында күрделі ақау тауып, тағы бір болуы мүмкін ықтимал апаттың алдын алды.

 Жаңа жылға бір күн қалғанда, 30 желтоқсан күні түнгі ауысымға шыққан Александр Есіл станциясынан Астанаға бет алып, Атбасарда тоқтаған жүк пойызын тексеру барысында оның соңғы жағындағы бос вагоннан бүйір рамасы ақауын тапты. 4 разрядты вагон қараушы және жөндеуші тапқан ақау – әдеттегідей бүйір рамасының сызаты. Сызаттың ұзындығы – 580 мм. Жұмысын адал атқарып, отбасын асырап отырған елуді еңсерген теміржолшының бұл 2018 жылдың басында тапқан бір ақауынан кейінгі екінші жетістігі. Жолдастары қалжыңдап: «Біздің Саша жылдың басында бір, соңында бір есеп береді» деп жүр екен...

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты ұранымыз. Сондықтан күн-түн демей жұмыста өз ісімізді адал атқарсақ, сол абыройымыз. Жұмыста мұқияттылық, тәртіпке бағыну – теміржолшының басты міндеті. Теміржолдағы тұрақтылық, табыс көзі бүгінде отбасымызбен оған қызмет етуге алып келді. Жұбайым да теміржолшы, балам да локомотив депосында слесарь. Кезінде анам да ұзақ жыл осы Атбасарда электровозда экипировкада еңбек еткен. Міне, отбасымыз түгел осы өзіміз туып-өскен жерде нәпақамызды тауып жүрміз, – дейді қырағы вагон қараушы.

Бір ауысымда 15 әріптесімен пойыздарды тексеруге шығатын Александрды басшылық та, ұжым да ерекше құрметтейді. 2006 жылы теміржолда еңбек жолын бастағанда ағымды ағытып жөндеу цехында слесарь болған ол соңғы 5-6 жылдан беру вагон қараушы жұмысын атқарып жүр. Атбасарда туып, осы бір байырғы станцияда бүкіл өмірін өткізіп келе жатқан ол үшін өз туған мекенінен артық жер жоқ.

 Вагон қараушының міндетіне кіретін – пойыздар қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кемшіліктерді анықтау үшін контейнерлер мен вагондардың асты-үстін техникалық тексеру, тасымалдаудағы жүктер мен жылжымалы құрамның сақталуын бақылау қызметтерін мұқият орындайтын атбасарлық вагоншылар қашан да қосынның ел теміржолы көлемінде жақсы нәтиже көрсетуіне атсалысып жүр. Қолдарынан вагондардың жүріс бөлігіндегі, шанағы мен бөлшектеріндегі олқылықтарды анықтауға арналған қару-сайманын тастамай, кемшілік табылған жағдайда акт толтыру да, ақаулы вагонды ағытып, ағымды жөндеуге жіберу де осы вагон шаруашылығы мамандарының жұмысы. Өз жұмыстарын кәсіби талаптарға сай дұрыс атқару үшін вагоншылар нұсқаулықты, техникалық қызмет көрсету ережелері мен оларды жөндеудің жоспарлы түрлерінің мерзімі, вагондарды ағытпай жөндеу технологиясы мен ережесі, вагон паркін сақтау мәселелері бойынша нұсқау, техникалық құжаттаманы рәсімдеу жолы, пойыздық белгі берулер мен жөндеу барысында пойыздарды қоршау тәртібі, вагондарды тексеру барысында қолданылатын шаблондар, оларды өлшеу құралдары мен қолдану реті туралы егжей-тегжейлі білулері керек.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді