Сауат Мыңбаев Middle Corridor халықаралық қауымдастығы басқармасының төрағасы болып сайланды

Жаңалықтар
23.01.2019, 12:04

Бакуде «Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары» халықаралық ассоциациясының жалпы жиналысы мен жұмыс тобының жылжымалы отырысы өтті.   

          Жалпы жиынға қатысушылардың шешімімен Ассоциация Басқармасы құрамына өзгерістер енгізіліп, «ТХКБ» халықаралық ассоциациясы» ЗТБ басқарма төрағасы болып «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев сайланды. Бұл туралы аталған ассоциацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

            Отырыс жұмысы барысында Жалпы жиын қатысушылары ассоциация қызметінің 2018 жылдағы қорытынды есебін тыңдап, ТХКБ (Middle Corridor) бойынша жүк тасымалы көлемі мен 2019 жылға даму жоспарын бекітті. Сонымен қатар ассоциация қызметімен байланысты ішкі мәселелер де талқыланды.

ТХКБ бағдары бойынша 2019 жылға тасымал жоспары контейнерлік тасымал көлемін айтарлықтай көбейтуге бағытталған, яғни жиырма футтық TEU эквивалентінде 60 мың контейнерге дейін жеткізу көзделуде, 2018 жылы тасымалы көлемі жоспарланған 15 000 TEU-ден асып кеткен болатын. Қарқынды даму және клиентке сервисті көтеру мақсатында Ақтау-Баку (Алят)-Ақтау бағдарындағы телімдердегі аталған тасымал Middle Corridor бағдарында Каспий теңізінде 2018 жылы сәуір айында алғаш рет бекітілген тұрақты фидерлік контейнерлік қатынас түрінде жүзеге асырылмақ.

 Жұмыс тобы отырысының қатысушылары осы жылға ТХКБ бағдары бойынша тасымал тарифінің мөлшерлемесі бойынша өзара келісімге келді. Сонымен қатар Middle Corridor көліктік бірыңғай операторы мен Халықаралық Транскаспийлік көлік консорциумы арасындағы тасымал технологиясын жетілдіруге, аталған бағдарда жүктердің жаңа көлемін тартуға бағытталған бірлескен шаралар талқыланды.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ

фото: "Информбюро"


Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды