Ақтөбеде жолаушылар вагонының тұрағында жолсерікті тонамақ болған күдікті ұсталды

Жаңалықтар
24.01.2019, 18:07

Ақтөбеде жолаушылар вагонының тұрағында жолсерікті тонамақ болған күдікті ұсталды. Қарақшының шабуылынан аман қалған жолсерік өзіне араша болған атқыштар командасының күзетшілеріне алғыс айтады.    

Оқиға ағымдағы жылдың 17 қаңтар күні кешке орын алған. Кезекті сапардан оралған соң вагонды жуып тазартып, жолаушы пойыздары тұрағынан қалаға қайтып бара жатқан жолсерік қолындағы сөмкесін ала қашқанның кім екенін де білмейді, артынан қуып айғайлап қала береді. Оның дауысын естіп қалған сол маңда кезекшілікте жүрген «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Ақтөбе филиалының күзетшілері қашып бара жатқан адамды қуып жетіп ұстап алады.   

Сөмке иесіне қайтарылып, қазірде күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Мен әскерилендірілген күзет қызметкерлеріне алғыс білдіремін. Жағдайға бей-жай қарамай, көмек қолдарын созды. Күзетшілер болмаса ішінде ақшасы бар сөмкемді алып кететін еді. Оқыстан шыққан адам мені ұрып, лезде қолымдағы затты тартып алып қашып кетті», – дейді жолсерік.

Күзетшілерге алғыс білдірген теміржолшы жеке қауіпсіздікке байланысты аты-жөнін жарияламай-ақ қоюды өтінді. Болған оқиғаны Қазақстан Республикасы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ-ның Ақтөбе филиалы мекемесінің қызметкерлері растап отыр.

Ақтөбе атқыштар командасының топ басшысы Нұрбек Нағашыбаев жолсерікке араша болған «Әскерилендірілген теміржол күзеті» қызметінің атқыштар командасының Арман Садубаев пен Бөкенбай Садубаев есімді күзетшілері екенін жеткізді. Олар мекемеде үш жылға жуық еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер екен.    


Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді