Біздің «Эволюшн» көш бастады

Жаңалықтар
02.09.2016, 11:27
 Жақында Тәжікстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Душанбе – Қорғантөбе – Куляб бағдары бойынша  бас қаланы республиканың оңтүстігімен байланыстыратын жаңа темір жол желісі пайдалануға берілді.   Жаңа жолдың ашылу салтанатынан кейін жаңа жолмен жүріп өткен алғашқы пойызға  «Қазақстанда жасалған» маркасымен Астанадағы Локомотив құрастыру зауытынан шыққан  ТЭ33 сериясындағы №0300 тепловозы тартымдық қызмет көрсетіпті.    Еске сала кетсек,  биылғы жылдың басында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Рохи охани Точикистон» МУК басшылары кездесіп, келіссөздер жүргізіп,  осы жылдың ішінде Тәжікстан темір жолдарына ЛҚЗ өнімдері – Эволюшн сериясындағы тағы да екі тепловоз жөнелтілетін болды. Жалпы, екі ел темір жол әкімшіліктерінің арасында серіктестік көкжиегіндегі ынтымақтастықтың орнағанына биыл бес жыл.     Алғаш рет 2011 жылдың қарашасында «ЛҚЗ» АҚ мен «Рохи охани Точикистон» МУК арасында ТЭЗЗ  сериясындағы 6 тепловозды тәжік еліне жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылып, арада үш ай өткенде 2012 жылдың ақпанында «КазЭкспортГарант» экспортты-кредиттік сақтандыру корпорациясының қаржыландыруымен қазақ елінен екі тепловоздан тұратын локомотивтердің бірінші партиясы жөнелтілген болатын. Сол уақыттан бері жылжымалы құрамдарға тартымдық қызмет көрсетіп келе жатқан қазақстандық тепловоздар бұрынғы сериядағы локомотивтерге қарағанда, көп артықшылығымен ерекшеленіп, техникалық және экономикалық жағынан да тиімді екенін дәлелдеп бергенін тәжік теміржолшыларының өздері айтқан болатын.   Демек, қазақстандық өнім көрші тәжік еліндегі №1-ші локомотив болып отыр.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті