Қызылорда ЖТ бөлімшесі мен Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымдары «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшылығының марапатын иеленді

Жаңалықтар
19.02.2019, 12:13

Жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды жетілдіру және оның шараларын арттыра түсу мақсатында өткен жылы жарияланған техникалық оқу айлығының нәтижесінде Қызылорда ЖТ бөлімшесі мен осы бөлімшеге қарасты Қазалы вагон пайдалану депосы ұжымдары «ҚТЖ-ЖТ» АҚ басшылығының марапатын иеленді. 

Бөлімшенің техникалық бөлім басшысы Жарқынбек Рсымбетовтің айтуынша, бір айға жарияланған техоқу айлығы барысында бөлімше мекемелерінде техникалық сабақ өткізілетін кабинеттерде қарбалас жұмыс жүргізіліп оның бәрі жеке құрамның теориялық білімін арттырып, тәжірибесін шыңдауға мән берілген.

– Өткен жылы жарияланған техникалық оқу айлығы нәтижесінде жекеленген мекемелердің бір айда өткізген табанды жұмысы «ҚТЖ» басшылығы тарапынан оң бағасын алып Қызылорда ЖТ бөлімшесі «үздік техникалық кабинет» және «үздік видоеролик» аталымында екі ІІ орын, ал Қазалы вагон пайдалану депосы «үздік техникалық кабинет» номинациясында І орын, «үздік ролик» аталымында ІІ орын иеленіп отыр, – дейді техбөлім басшысы.

Еске сала кетсек, өткен жылы жаппай жүргізілген техникалық оқу кезінде техникалық сабақтардың сапасын арттыру және тиімділігіне басымдық беру мақсатында «техникалық оқуға айрықша назар бөлу» айдарымен бір айлық мерзімге айлық жарияланған. Әрине, тек айлық кезінде ғана емес, жылдың барлық мерзімінде бекітілген кесте бойынша мамандар біліктілігін арттырып, олардың өндірістік жұмыстар кезінде теориялық білімі мен тәжірибесін арттыру мақсатында өткізілетін техсабақтардың орны ерекше екені рас. Себебі теориялық жағынан қарайып қалған мамандар болса, сол сабақ барысында ұмытқанын еске түсіріп, білімін шыңдай түседі. Айлық кезінде жаңаша сипатта жүргізілген техсабақтар заман талабына сай жаңа форматта өткізіліп, бөлімше теміржолшыларының білім-білігін арттыруға сеп болды.

Сонымен қатар техникалық сабақ өткізілетін кабинеттер оқу стендісімен, макеттермен, сандық технологиялық құралдармен жарақталды және қосымша пайдаланылатын құрал-саймандармен толықтырылды. Қазіргі таңда өткен жылы басымдық берілген техникалық білімді арттыру шаралары жалғасын табуда.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда 


Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады
Аймақтар
29.08.2024
Техникалық күтім жоспарға сай жасалуда
Жүк тасымалы
29.08.2024
Астық қай елдерге экспортталып жатқаны айтылды
Аймақтар
29.08.2024
ҚТЖ басшылығы Павлодар өңірінің жүк жөнелтушілерімен кездесті
Жаңалықтар
28.08.2024
Көлік полицейлері ҚТЖ музейінде болды (Фото)
Әлемде
28.08.2024
Končar аккумулятормен жүретін алғашқы пойызын таныстырды
Жүк тасымалы
27.08.2024
ҚТЖ желісі бойынша биыл 55,6 млн тонна көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
27.08.2024
Президент Жолдауын іске асыру: Транскаспий дәлізі бойындағы серіктес елдермен бірлескен шаралар күшейтілді