Семейде көктемгі комиссиялық тексеру 3-ші мамырға дейін жүргізіледі

Жаңалықтар
20.04.2019, 10:46

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша жылдағы қызметтік дәстүрге сай көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстары басталды. Сәуір айының 18нен бастау алған шара барысы 3-ші мамырға дейін жүргізілетін болады.

– Биылғы көктемгі бақылау жылдағы уақыттан кештеу басталды. Оған себеп шалғайдағы станциялар мен мекемелер теміржолшылары комиссиялық тексеру шараларына толық даярлық жүргізіп алсын дедік. Оның үстіне Ақтоғай – Аягөз – Жарма телімі бойынша қалың қар жатып, кештеу еріді. Жол шаруашылығындағы барлық құрылғыларды сүзгіден толық өткізіп шығу үшін қосымша уақыт қажет болды, – дейді Семей ЖТ өндірістік техникалық бөлімінің қызметкерлері.

Апта бейсенбісінде басталған комиссиялық тексерулер биыл Дегелең – Жаңа-Семей телімінен басталды. Бірінші класты сыныпты жүк станциясында тораптық кеңес өткізіліп, бірқатар мәселелер сарапқа салынды. Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Семей аймағы бойынша бас ревизоры Сайлау Юсупов келелі баяндама жасап, семейлік сала қызметкерлерінің олқы тұстары сынға алынды. Тексеру жұмыстары осыдан соң Локоть – Семей телімі бойынша жалғаспақ. Мұндағы Ауыл, Белағаш, Дүйсекен, №41 жол айрығы бойынша жазғы жұмыстарға әзірлік барысы тексерілетін болады. Ал, Ақтоғай – Аягөз – Жарма мен Шар – Жаңа-Семей телімдері алдағы аптаға жоспарланған.Сондай-ақ, Семей мен Жаңа-Семей станциялары бойынша ең соңынан кең көлемде тексеру жүргізілмек. Сонымен қатар, осынау тексеру жұмыстары барысында Аягөз бен Шар және Семей қалаларында тораптық жиындар өткізіліп, қысқы жұмыс қорытындысы жасалынып, жазғы маусымдағы межелі шаралар талқыланбақ. Ал, көктемгі комиссиялық тексеру жұмыстарының нәтижесі мамыр айының 15-і күні өткізілетін жиында сарапқа түспек.

Қуан ЕРТІС

Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
Жаңалықтар
27.04.2026
«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді
Аймақтар
27.04.2026
Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Әлемде
24.04.2026
CRRC Нинбо қаласының маңындағы желілерге арналған жүрдек пойызды таныстырды
Инфрақұрылым
24.04.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол учаскесін жаңғырту аяқталды
Трансформация
24.04.2026
ТЖЫҰ: XL мерейтойлық жиын өтті
Жаңалықтар
24.04.2026
Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде
Трансформация
24.04.2026
Локомотив құрастырудың қазақстандық үлгісі
Жаңалықтар
24.04.2026
ҚТЖ мен Қытай мемлекеттік корпорациясы транзиттік әлеуетті дамытуға уағдаласты
Аймақтар
24.04.2026
Тараз және Ташкент колледждері бірлескен жобаларды қолға алады
Спорт
24.04.2026
Теміржолшылар арасында «Кәсіподақ төрағасының кубогы» басталды
Жаңалықтар / Мұрағат
24.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №31 24 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
23.04.2026
Достық аллеясы – теміржолшылар бірлігінің символы
Жаңалықтар
23.04.2026
Астанада ТЖЫҰ Темір жолдар бас директорлары конференциясының XL отырысы хаттамасына қол қойылды
Аймақтар
23.04.2026
Семейлік теміржолшылар Бейбітшілік аралын көгалдандыруға үлес қосты
Спорт
23.04.2026
Жамбыл филиалында футболдан тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
23.04.2026
Олжас Бектенов Қазақстанның логистикалық әлеуетін арттырудың басым бағыттарын атады