Оңтүстікте ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтады

Жаңалықтар
13.05.2019, 14:34

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қарасты «Оңтүстік» аймақтық филиалы Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай арнайы мерекелік шара өткізді.

Филиалда Ұлы Отан соғысына қатысқан үш ардагер тіркелген. Сонымен қатар 9 ауған соғысының ардагері мен Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан 2 азамат жұмыс істейді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні құрметіне осы арадагерлерді шақырып құрмет көрсеткен «Оңтүстік» аймақтық филиалының ұжымы мерекелік концерт ұйымдастырып, ардагерлерге арнайы сыйлықтар табыс етіп, азық-түлік толтырылған себеттер сыйға тартты.

Филиал басшылығы атынан сөз алған Мұрат Сәрсенбин жиылғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтап, бейбіт өмір мен ашық аспан тіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе отырып, жылдағы дәстүр бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне теміржол көлігінің қызметтерін тегін пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы акцияны іске қосқанын айта кетейік.

«Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында өтетін акция шарттарына сәйкес ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асыратын барлық бағыттар бойынша тегін жол жүру құқығына ие.

«Жеңіс» – Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлеріне жыл бойына қолдау көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жоба. Жобаның басты мақсаты – ардагерлерге деген қамқорлық. Оларға деген жан-жақты көмек пен қолдау. Жоба аясына еріктілер рейді өткізіп, жас буынның тарихқа деген құрметті арттыру жолындағы іс-шаралар жүзеге асырылады.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап