Америкалық дипломат «Нұрлы жол» теміржол вокзалымен танысты

Жаңалықтар
17.05.2019, 18:22

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешеніне барды. Тағайындалғанына бірнеше ай болған елшіні елорданың айшықты теміржол кешенін көру идеясы қызықтырған көрінеді.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің бастығы Дінмұхамед Құсайынов қадірлі мейманды сый-құрметімен күтіп алып, америкалық дипломатқа вокзал кешенін таныстырып, заманауи нысан жұмысының технологиялық процесі туралы, персоналдың функционалдық міндеттері жайлы жан-жақты айтып берді.

Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, АҚШ елшісінің сәулет және құрылыс саласынан хабары мол екен. Ол бұрын Еуразия құрлығындағы құрылыстарға жетекшілік еткен көрінеді. Жаңа елші ағылшын, орыс тілдерімен қоса қазақ тілінде де сөйлеп, вокзал қызметкерлерінің ризашылығына бөленген.

Мәртебелі мейманға күту залы, касса залы, фудкорт аймағы, капсулалық мейманхана және өзге де нысандар көрсетіліп, сервистік қызмет түрлері ұсынылды.

Уильям Мозер «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешені, айтса айтқандай, атына заты сай сәнді де сәулетті ғимарат екеніне көз жеткізіп, көрсетілетін қызмет сапасын жоғары бағалапты және жолаушыларға заманауи қызмет көрсету деңгейінің әлемдік тәжірибені есепке ала жасалғандығын жеткізген.

Вокзал кешеніне саяхатын елші мырза одан әрі жалғастырып, іссапарға пойызбен аттанып кетіпті.

Тағы бір жағымды жаңалық, тәулігіне 35 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы темір жол вокзалы кешенінде сервистің жаңа түрі пайда болды. Күні кеше жолаушылардың жайлылығы үшін қол жүгі мен багаждарды тасымалдайтын, тәулік бойы 24 сағат жұмыс істейтін арнайы қызмет іске қосылды.  

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды