Қаржылық шығындарды төмендетін жобалар еңгізіледі

Жаңалықтар
23.08.2019, 14:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығының қолдауымен өндірістік емес ысыраптарды қысқарту, қаржылық шығындарды төмендету мақсатында Көкшетау локомотивтік айналым депосында бірқатар проблемалық мәселелер шешімін табуда.

Мәселен, жақын күндері локомотивтердің тежегіш жабдықтарын сынақтан өткізуге арналған стенд пайдалануға беріледі. Ал бұл өз кезегінде машинистердің тежегіш үшін қолданатын крандарын Ерейментау станциясында орналасқан жөндеу депосына бармай-ақ, осы жерде сынақтан өткізуге мүмкіндік бермек.

– Жөндеу цехындағы тағы бір табысты еңбек – ол қос дөңгелектерді жонып егеп, тегістейтін станоктың іске қосылатындығы. Санаулы күнде бұл станок қолданысқа енеді, сол кезде Астана жөндеу депосына және Жаңаесіл станциясындағы «Феникс» кәсіпорнына локомотивтерді жөнелту мәселесі өзектілігін жояды. Осыдан-ақ, Компания шығындарының мейлінше қысқаратынын байқауға болады. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Төртінші тоқсанда тоқтың күшін немесе кернеуін реттейтін аспап – реостатты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстар жөндеу цехының позициясын едәуір нығайта түседі, – дейді Ақмола ЖТ бөлімшесі локомотив шаруашылығы бөлімінің бастығы Мұхтар Балғоженов.

Бүгінде аймақта жөндеу кәсіпорындарының жоқ екенін ескере отырып, Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі басшылығына «Altyntau Kokshetau» АҚ басшылығы осы өңірге қарасты локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер ұсынысымен шыққан екен. Қазір бұл мәселе қаралымда көрінеді, егер келісімге келіп, оң шешімін тапқан жағдайда бұл Компания үшін қосымша кіріс көзі болмақ.

Жалпы, Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі ұжымының қаржылық тұрақтылықты жақсартудың өзге де жолдарын қарастырып, ізденіс танытып отырғанын айтар едік. Мысалы, жуырда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басшылығы Көкшетау станциясына УЗОТ құрылғысын орнату туралы шешім қабылдады. Бұл Көкшетау станциясының өткізу қабілетін жақсартумен қатар пайдалану шығындарын қысқартуға ықпал етері анық.

Өңірде атқарылып жатқан барлық шаруа Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Айнабек Жукашевтің бақылауына алынып, күн сайын тексеріліп отыр. 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты