Нұрбек БЕКЕН
Жүкті жылдам жеткізудің жаңа бағдары
Оқуға 2 мин
Таяуда «KTZ Express» АҚ мультимодальды компаниясы Қытайдың Цзяньсу провинциясына қарасты Хаймэн қаласының үкіметімен және «China Railway International Multimodal Transport Co, Ltd» ірі контейнерлік операторының қолдауымен Қытайдың Нантун қаласынан Ауғанстанның Хайратон қаласына контейнерлік пойызы жіберілді.
Контейнерлік бағдар Қытай мен Қазақстан темір жол әкімшіліктерінің бірлесе күш біріктірумен ҚР Президентінің «Нұрлы жол» және ҚХР Төрағасының «Бір белдеу –бір жол» бастамаларын қолдауда қазақстандық-қытайлық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ашылған болатын және ол Қытайдан Ауғанстанға жүкті шапшаң жеткізудің бірегей логистикалық шешімі болып табылуда.
Пойыз құрамында азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар сияқты тағысын тағы түрлі тауарлар тиелген 41 қырықфутты контейнер бар. бұл бағдардың жалпы ұзындығы 7174 шақырымды құрап, пойыздың темір жол үстіндегі уақыты 11 тәулікті құрап отыр, бұл дегеніміз 45 күн жүріп баратын теңіз жолына қарағанда едәуір аз уақыт. Аталған бағдар бойынша бірінш сынақ контейнерлік пойызы осы жылдың 29 тамызынды жүргізіліп, табысты нәтиже көрсеткен болатын. Пойыз бағдары Қытай темір жолдары арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық өткелдерінен, яғни Алашанькоу – Достық және Сарыағаштан өтсе, ал Ауғанстан аумағына Хайратон көпірі арқылы жетеді.
Бұл жерде Қазақстан көлік-логистикалық инфрақұрылымы бағдар ұзындығы мен жүктердің жеткізілу мерзімін көп уақытқа қысқартуға, сондай-ақ, аталған халықаралық көлік бағдары бойынша контейнерлік тасымалды дамытуға және Қазақстан Республикасының көлік әлеуетін өсіруге мол мүмкіндік беруде.