Коронавирус: пойыздарды зарарсыздандыру күшейтілді

Жаңалықтар
17.03.2020, 08:49
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп жариялаған коронавирус індетінің белең алуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланды. Оның таратылуының алдын алу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ түрлі шаралар қабылдап жатыр. Әсіресе, бұл жолаушылар тасымалына қатысты. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздардың вагондарын зарарсыздандыру көлемін бірнеше есеге арттырып отыр.

Бұған дейін де айына екі рет штаттық режимде тұрақты түрде вагондарын зарарсыздандырып отыратын «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы «Тальго» пойызы вагондарын зарарсыздандыратын қоспалар көлемін көбейту арқылы санитарлық шараларды күшейтіп отыр.

Филиалдың бас инженері Александр Канавиннің айтуынша, бүгінде олардың филиалда 5 бағдардағы 9 құрамда барлығы 265 вагон бар. Ережеге сай зарарсыздандырғаннан кейін пойызды тек 2 сағаттан кейін ғана жолаушылар қабылдауға жібереді.

– Темір жол көлігін пайдалану тәртібі бойынша зарарсыздандыру жұмыстары бұрыннан жүргізіліп келеді. Ал ендігі жерде коронавирусқа байланысты зарарсыздандыру барысында пайдаланатын химиялық заттар он есе артық қосылуда, – деді А.Канафин. Тағы бір айта кетерлігі, жолаушы пойыздарында коронавирустың алдын алу жөніндегі барлық іс-шаралар денсаулық сақтау саласының уәкілетті органы – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті талаптарына сәйкес қатаң түрде жүргізілуде екен.


«Жолаушы тасымалы» АҚ санитарлық зарарсыздандыру жұмысын жүргізуге «Қазақстан-МедДез» ЖШС-мен келісімшартқа тұрған. Мердігер кәсіпорын бактерия мен вирустарға қарсы зарарсыздандыру жұмыстары кезінде қабырға, төбе, еден, үстел, диван және терезе бетін түгел дезинфекциялайды. Санитарлық ереже талаптарына сәйкес оның бәрі арнайы препараттармен жуу, сүрту, себу, сіңіру тәсілімен жүргізіледі. Бір құрамға техникалық қызмет көрсету уақыты 8 сағатқа созылады.

– Зарарсыздандыру жұмыстары қолдануға рұқсат етілген препараттармен жасалады, Кедендік одақ аумағында сертификаттаудан өткен және олар дұрыстап тазаланған соң адам денсаулығы үшін қауіпсіз. Себебі ол қауіпсіздік жағынан осындай заттардың төртінші санатына жатады. Химиялық заттар вагон ішіне түгел себілгесін, бактериялар өлгенше, кемінде 2 сағатқа дейін сүртілмейді. Ал қазіргі жағдайда біз қауіпсіздікті қамтамасыз еткенімізге толық сенімді болу үшін қосатын ерітінділер көлемін он есеге дейін көбейттік. Мәселен, диахлордың 1-2 таблеткасы 10 литр суға езілетін болса, қазір 20 таблетка қосылады. Бірақ бұл концентрация жолаушылар үшін қауіпсіз. Оның үстіне екі сағаттан кейін бәрі сумен тазаланып жуылады, сүртіледі. Ал ҚТЖ тарапынан басқа да сұраныстар түсетін болса, біз зарарсыздандыру жұмыстарын жиілететін боламыз, – дейді мердігер мекеме директоры Нұрлан Исенбаев.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе жолаушылардан немесе қызмет көрсететін персоналдан коронавирус күдігін анықтаған кезде пойыз бригадасы қызметкерлерінің ісәрекеттері тәртібін регламенттейтін нұсқама әзірленген. Рейстің алдында пойыз бригадаларымен тұрақты түрде нұсқаулық өткізілуде. Вагонға отырғызар алдында жолсерік жолаушылардың коронавирус індеті тараған елдерде болған-болмағаны жөнінде сұрақтар қойып, бәрінен хабардар болуы керек.

Ондай жолаушылар анықталған жағдайда анкета толтырылады және ақпарат ары қарай шаралар қабылдануы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ орталық аппаратына жіберіледі. Сапар барысында коронавирус белгілері пойыз бригадасы қызметкерінде немесе жолаушыда анықталған жағдайда пойыз басшысы әлгі жолаушыны өзге жолаушылардан оқшаулап, пойыз машинисін хабардар етуі тиіс.

Сондай-ақ жолаушылар пойызы айналым пункттерінде қоқыс жәшіктері мен дәретхананы зарарсыздандыру қолға алынған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарында жасалуы керек сақтық шаралары қабылданған. Атап айтқанда, вагондарда жолаушылар үшін көрнекі ақпарат және жадынама, фирмалық және коммерциялық пойыздардың мультимедиялық порталдарында коронавирустың алдын алу жөніндегі бейнероликтер орналастырылған. Екіншіден, жол үстінде де вагондар зарарсыздандыру құралдарымен 4 рет ылғалдандырыла отырып тазартылады. Пойыздарда ауру анықталған жағдайда деп зарарсыздандыру құралдары, медициналық маскалар және шүберек, шелек, есепке алу дәптері алынған. 

ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды
Аймақтар
19.05.2026
Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті
Инфрақұрылым
19.05.2026
«Бақты-Аягөз» телімінде құрылыс қызу жүріп жатыр
Аймақтар
19.05.2026
Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған үздік жобаларын таныстырды
Аймақтар
19.05.2026
Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Жаңалықтар
19.05.2026
Жаңа техникалар алды
Инфрақұрылым
19.05.2026
Бекеттердің жолы жаңартылып, жүк тасымалы ұлғаяды
Жаңалықтар
19.05.2026
Жауапкершілік жүгі ауыр
Аймақтар
19.05.2026
Жәдігерлер – өткен күннің белгісі
Жаңалықтар
19.05.2026
11 локомотив пайдалану депосы жаңа техникаға ие болды
Спорт
19.05.2026
Аманжол – Азия чемпионы