Қамданған қапы қалмайды

Жаңалықтар
26.03.2020, 19:58
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көктемнің келуімен жер мұз құрсауынан босанып, жіпси бастаған шақта басты қауіп – қыс бойы жауған қалың қардың еріп, су тасқынына ұласуы болмақ. Сондықтан, теміржолшылардың бұл науқанға тас-түйін дайындық жасауы дәстүрге айналған үрдіс.

«ҚТЖ–Магистральдық желі дирекциясы» филиалы тасқын су қаупіне тыңғылықты дайындықтарын паш етті. Өткен жылдар тәжірибесін талдай келе филиал басшылығы барлық өңірлер бойынша тасқын су шаю қаупі бар 673 жердің ішінен де нақты қай жер айрықша қауіпті екенін анықтапты. Көпірлер мен құбырлар және құрғатқыш құдықтардың саңылауларын қардан тазарту жұмыстары аяқталып, беткейлік, су бұрғыш жыралар мен науалар және арықтар қардан аршылған. Қарғын су жүретін кезде жауапты тұлғалардың қатысуымен тәуліктік кезекшілік ұйымдастыру кестесі жасалып, белгіленген қауіпті жерлер басты назарға алынған.

Дирекцияның баспасөз хатшысы Талғат Исеновтің айтуынша, бүгінгі таңда шойтасы, рельс пакеттері және кондицияға сәйкес емес темірбетон шпалдары бар 42 су шайып кетуге қарсы пойыздар жасақталған. Пойыз 312 вагоннан тұрады.

– Қар көшкінін түсіру, мұзды ұсақтау бойынша бұрғылап-жару жұмыстарын жүргізуге келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда еліміздегі барлық жол дистанциялары тарапынан өз күштерімен 2 425 м3 шойтас, 6 400 дана кондицияға сәйкес емес темір-бетон шпалдар тасқын суға қарсы материалдар ретінде дайындалды, – дейді Т. Исенов.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың аумақтық органдарымен бірлесе су қоймаларының, ауылшаруашылық бөгеттерінің жағдайын комиссиялық тексеру бойынша жұмыстар жүргізілген. Барлық өңірлер бойынша темір жол төсемінен жоғары жатқан 83 бөгеттер мен су қоймалары анықталған. Теміржолшылар мемлекеттік автокөлік кәсіпорындары қызметкерлерімен бірге автомобиль жолдарына қатысты жасанды құрылыстардың да су өткізгіштік қабілеті жағдайын тексеруде. Бұл жасанды құрылыстар темір жолға, әсіресе, қайтадан салынған және қайта құрудан өткен автожолдарға жақын орналасқан. Басқа аймақтарға қарағанда су тасқыны қаупі басым өңірлердегі ахуалға шолу жасап көрейік. Ақмола өңірінің теміржолшылары жылдағыдай әдеттерінше бес қаруын сайлап отыр.


«Бүгінде Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі бойынша тасқынға қарсы 27 вагоннан тұратын 4 пойыз жасақталған. Оның 4 жабық вагоны құрал-саймандар, цемент, инвентарьмен жабдықталса, қалған 23 вагонына рельстік пакеттер, қойтастар, кондициялық емес темірбетон шпалдар тиелген. Бұл төрт пойыз төрт станцияда, атап айтқанда, Жаңаесіл, Көкшетау, Нұр-Сұлтан және Атбасарда тұр. Жол дистанцияларында вагондарды материалдармен толықтыру жұмыстары әлі де жүргізілуде. Сонымен қатар тасқын суға қарсы пойыздарды толық жасақтау үшін Қарағанды бөлімшесінен тағы да 5 платформаны дайындап отырмыз», – деп шұғыл ақпармен бөлісті Ақмола ЖТ бөлімшесінің оперативті-тарату бөлімінің бастығы Расул Буратаев.

Ол сондай-ақ, Атбасар – Адыр аралығындағы 580 километрдегі Жабай өзеніндегі мұзды оюға қатысты жару жұмыстарын жүргізуге БВР Техносервис ЖШС-мен келісімшарт жасалғанын жеткізді. Атап өтерлігі, бүгінде өзендегі мұз қалыңдығы 50 см құрап және ол өткен жылмен салыстырғанда 30% аз болып отыр.

«Аталған теміржол көпіріне тәулік бойы қызметкерлердің кезекшілігін қамтамасыз ете отырып, онлайн-режимінде ақпарат беріп отыратын 2 бейнекамера орнатуды жоспарлап отырмыз», – дейді Р.Буратаев.

Бөлімше бойынша су басу қаупі бар қауіпті жерлер анықталып, аса қауіпті деп танылып отырған 6 телімдегі ағын су арнасы тәулік сайын өлшеніп, тексерілуде екен. Олар Есіл, Колутон, Жабай, Чаглинка, Бурлук өзендері арқылы өтетін теміржол көпірлері мен Петропавловск – Көкшетау теліміндегі Смирново – Жаңажол аралығындағы 56-шы шақырым екен. Бұдан бөлек, теміржол төсеміне жақын жерде судың жиналуын болдырмау үшін жасанды құрылыстардың нысандарын қардан, қоқыстан тазарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліпті.

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді