Шекаралық бекеттегі шектеу

Жаңалықтар
17.04.2020, 08:48
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік шекаралық түйісу нүктесі болып табылатын Болашақ станциясындағы жұмыс үдерісінде де біршама өзгерістер бар. Атап айтқанда, шекаралық бекетте адамдар қатынасына белгілі шекте шектеу қойылды.

Түркіменстан мен Қазақстан теміржол әкімшіліктері арасындағы келісім бойынша 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында жүк тасымалында бір бағытты пойыз алмасулар жүргізілуде. Станция бастығы Мақсат Нұрбековтің айтуынша, бұл қос ел теміржолшыларының коронавируспен күресте қауіпсіздік шараларының бірі ретінде бірлесе қабылданған шешім.

– Бір бағыттағы пойыз алмасу дегеніміз не? Яғни, бұрын Түркіменстан теміржолшылары локомотивпен біздің Болашақ станциясының басына келіп, пойызды тапсырып, бізден пойыздарды алып кері кетіп жүрген болса, қазір екі мемлекет адамдарының арасында байланыс болмас үшін екі жақтың да теміржолшылары бір-біріне келмейді. Тек жүк құрамын алып келген машинист пен оның көмекшісі ғана өте алады. Олар пандемияға қарсы арнайы костюммен, маскамен келеді және оларды қабылдап алуға дәл солай қорғаныш киімдерімен «қаруланған» біздің станцияның бір ғана қызметкері шығып, пойыздың құжаттарын алуға барады. Құжат алмасу осылай жүзеге асырылады, басқа ешбір адам қатынасына жол жоқ, бір-біріне жіберілмейді. Көрші әріптестер өз пойыздарын қалдырады, бізден басқа пойызды алып кетеді, сөйтіп ол пойызды өздерінің станциясына апарып өңдеуден өткізеді. Біз де өзімізде ол жақтан келген пойызға қатысты жұмыстарды жа саймыз. Ал екі жақтың бір-біріне қабылдамайтын вагондары болса келесі пойыздарға қосып жібереміз де, тиісті жеделхаттарды алдырамыз, - дейді станция бастығы.

Қауіпсіздікті көздеген шекаралық бекеттегі шектеу шаралары нәтижесін беріп отыр. Станцияда қауіпті індетпен тіркелгендер жоқ. Ал ішкі жұмыстар бойынша станциялықтар қашықтан емес, штаттық режимде ауысымдық ретпен жұмыс жүргізуде екен. Әрине, карантин жағдайындағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жұмыстарын жалғастыруда. Мекемеден бөлінген маскалар, антисептиктер, респираторлар, қолғаптар т.т. індеттен қорғайтын заттар жеткілікті. Жұмыс орындары толықтай зарарсыздандырылып отырады.

Сонымен қатар адамдардың басын көп қоспау үшін ауысым алдындағы, ауысым кезегін тапсыратын кездегі мақсатты нұсқаулықтар өткізгенде қызметкерлерді бұрынғыдай көп ұстамайды, 3-4 адамнан артық адамның басы қосылмауы қадағаланады. Техникалық сабақтарды да, телефоннан ватсап чаттар ашу арқылы өткізіп, тапсырмалар беруде. Жеделхаттар да сол чаттарға жіберіледі. Сол арқылы жауаптар алуда. Жыл басынан бері үш айда көрші мемлекеттен Болашақ станциясына 105 пойыз, яғни 4725 вагон жүк келген. Ал кері бағытта оларға 97 пойыз 4392 вагон жүк жөнелтілген. Биыл сәуір айынан бастап карантин жағдайына байланысты Қазақстаннан ұн, бидай, қант, азық-түлік тауарларын экспорттауға шектеу қойылды. Тек Ресейден келетін транзиттік азықтүлік өнімдерінен құралған жүктер өтуде. Тағы бір айта кетерлігі, 27 наурыздан бері Түркіменстан мен Иран арасындағы жол жабылған. Сондықтан Болашақ станциясынан тек көрші Түркіменстанға және Ауғанстанға жүк жөнелтілуде.

Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты