«Жеңіс» жобасын жүзеге асырады

Жаңалықтар
27.04.2020, 13:16
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының "Әлеуметтік жобалардың қоры" корпоративтік қоры «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жеңіс» жобасын жүзеге асыру сеніміне ие болып отыр.

«Самұрық Қазына Траст» қоры елімізде әртүрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Бұл жолы олар «Жеңіс» жобасын «ҚТЖ» компаниясының Корпоративтік даму қорына табыстап отыр. Оның өзіндік себебі де бар. Ұлттық компания бұған дейін көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Биыл да мысалы, Еріктілер жылы аясында теміржолшылар «2020 игі іс» бағдарламасын қолға алып, оны табысты жүзеге асырып жатқан белсенділігімен танымал болып отыр. Сондықтан ҚТЖ-ның әлеуметтік жобаларда жүзеге асыруда бай тәжірибесі бар екені белгілі.

– Ал «Жеңіс» жобасына келсек, ол еліміздің 35 қаласында және нақты бір аудандарында іске аспақ. Теміржолшылардан анықталған жоба үйлестірушілері жергілікті атқарушы органдармен, әкімдіктермен және ардагерлер кеңестерімен бірлесе жұмыс істеп, әр өңірден 40 жуық соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне азық-түлік себеттерін жылына кем дегенде 3-4 рет тарататын болады. Бүгінгі күнге дейін 500ге жуық ардагер азық-түлік себетімен қамтамасыз етілсе, әлі алда 1500 жуық ардагерді қамту жоспарланып отыр. Теміржолшы жастар азық-түлік себетін тарату барысында барлық сақтық шараларын ұстануда. «Жеңіс» жобасына үн қосуға ниетті еріткілер болса, қатысып, өз үлестерін қосуға болады. Бұл туралы ақпараттарды әлеуметтік желілерден таба алады», – деп ақпаратпен бөлісті Ұлттық компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің менеджері Нәзира Бердібекова.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді