Жаңа вагондар рейске шығуға дайын

Жаңалықтар
04.05.2020, 22:50
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде вагон паркін жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Елде төтенше жағдайлар мен шектеулер алынып тасталғаннан кейін «Тұлпар» Вагонқұрастыру зауыты» ЖШС өндірісінен шыққан су жаңа 18 вагон өзінің алғашқы сапарына аттанбақ.

Бұл вагондардың негізгі артықшылығы – ауаны зарарсыздандыру және тазалау үшін қазіргі заманғы сүзгілермен жабдықталған кондиционерлеу жүйесі бар. Ал бұрынғы плацкарт вагондарында ауаны кондиционерлеу жүйесі болмаған еді. Әр вагонда 6 видеокамера орналасқан. Олар бейнені түрлітүсті және ақ-қара режимінде түсіреді. Барлық таспа штабтық вагондағы пойыз басшысының қадағалауында болады. Әрбір купеде және дәліздерде кернеуі 220В болатын электр розеткалары және ұялы телефондарды зарядтауға арналған 2 заманауи USB порттары орнатылған. Бұдан бөлек тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су титаны бар.

Вагондар түтін датчиктерімен, меншікті өрт шлангымен және әрбір вагондағы су қорымен қазіргі заманғы өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Сонымен бірге байланыс, диагностика және басқару жүйелері қарастырылған. Әжетханалар кешені енді автономды түрде жұмыс істейді және суды зарарсыздандыруға арналған резервуарлардағы 1200 литр сумен жабдықталған. Қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайтын жаңа вагондардың жолдағы жоғары қозғалыс жылдамдығы 160 км/ сағат. Атап өтерлігі, бұл осыған дейін аталған өндіріс орнынан осыған дейін шығарылып келген бұрынғы испандық Тальго вагондарынан әлдеқайда ыңғайлы. Ресейлік Тверь вагон зауытының технологиясы бойынша отандық «Тұлпар» зауытында құрастырылып шыққан кең шанақты бұл вагондар батыс бағытында жолаушылар тасымалы қызметіне жұмылдырылатын болады.

Еске сала кетсек, өткен жылы да ұлттық тасымалдаушы компания вагон паркін жүзге жуық жаңа вагондармен жаңартып, олар оңтүстік-батыс бағыттары бойынша жолаушыларды тасымалдай бастаған еді. Жаңа вагондардың кезекті бір тұсаукесерінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығы: «Жыл сайын біз өзіміздің вагон паркімізді жаңа 100 вагонмен толықтырып отырамыз. Басты мақсатымыз – жолаушыларға барлық жағдай жасап, сервис сапасын жоғарылату» - деп атап өткен болатын. Таяу он жылда жолаушылар вагон паркін бес жүзге жуық жаңа құраммен толықтыру жоспарланған. Басшылық сөзінің нақты іспен ұштасып жатқанына сәт-сапарын күтіп тұрған осы вагондар дәлел болмақ. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді