Еңбек қауіпсіздігі ескерусіз қалмайды

Жаңалықтар
29.05.2020, 10:49
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қызметкерлері мемлекет басшысы ел аумағына енгізген төтенше жағдай кезінде пойыздардың үздіксіз қозғалысы мен теміржолшылар қауіпсіздігін қамтамасыз ете білді.

Бұл бағытта сала кәсіподағының да ролі бар. Салалық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың пәрменімен карантин кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы аймақтық филиалдарға, өкілдіктерге және локальді кәсіподақтарға хат жіберіліп, бірқатар ұсынымдар берілген.

«Айталық, көктемгі мерекелерге арналған корпоративтік шаралардан бас тарту, сондай-ақ, адамдардың көптеп жиналатын жерге бармау; қолды тазарту үшін құрамында спирті бар құралдар, антимикробты гельдер мен өзге де дезинфекциялау құралдарын дайындау; гигиена ережелерін сақтау мақсатында стандартты қорғану құралдарының қорларын, медициналық маскалар, қызметкерлерді қорғау үшін маска-респираторлар қорын жасау, сонымен қатар сырқаты бар адамдарды ерте мерзімде анықтап, медициналық мекемелерге жіберу мақсатында дене температурасын қашықтан өлшеу аспаптарын сатып алу, тағысын тағы шаралар қарастырылған ұсыныстар болды, – деп атап өтті кәсіподақ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.

Биыл көктемге межеленген қазақстандық «KIOSH» Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі көрме мен халықаралық конференция алдағы күзге ауыстырылыпты. Енді ол 2020 жылдың 4-6 қарашасында «ЕХРО» халықаралық көрме орталығында өтетін болады, сонымен қатар осында «Сенім-2020» конкурсы да өтпек. Десе де, ресми дәрежеде Дүниежүзілік еңбек қорғау күні ауыстырылып, атаусыз қалмады. Биылғы жылдың Дүниежүзілік еңбек қорғау күнінің тақырыбы «Пандемияны тоқтату: жұмыстағы қауіпсіздік пен денсаулық адамдар өмірін құтқарады» деп аталды.

Елде карантиннің енгізілуіне байла- нысты бұл атаулы күнге арналған шаралар кезінде басты назар қызметкерлердің жеке қауіпсіздігін сақтауға, карантин толық аяқталғанға дейін қызметкерлердің жаппай жиналуын болдырмауға бөлінген.

«Жергілікті жерлердегі кәсіподақтар Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарының барлық басқарушылық деңгейінде өткен еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің селекторлық жиындарына қатысты. Еңбек қорғау күні аймақтардағы еңбек қорғау жөніндегі 60-тан астам ең үздік техникалық инспекторлар аталып өтті.

Сонымен қатар 2019-2020 жылдар ішінде болған бақытсыз оқиғалар, жарақат алу себептері, оларды ескерту және алдын алу шаралары туралы мәліметтер еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңестерге жеткізілді.

Бүгінде компанияда 1379 мүгедек адам есепке алынған, олар және өндірісте қаза болған қызметкерлердің отбасылары бұл күні ескерусіз қалмады, олардың үйін аралап, материалдық көмекпен қатар азықтүлікпен қамтамасыз етілді.

Жұмыстағы қызметкерлерде арнайы киімнің және жеке қорғану құралдарының болуы тексерілді, карантинге байланысты арнайы киім және жеке қорғану құралдарын жеткізушілермен проблеманың туындағанына қарамастан, қызметкерлер қажетті дүниелермен толық қамтамасыз етілді. Дегенмен, үлкен қаржылық салымдарды қажет ететін түйткілді мәселелер де жетерлік», – дейді Ж.Сәбитов.

Оның айтуынша, санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылған. Айталық, бірқатар аймақтарда, медициналық маскалардың тапшылығы туындауына байланысты, ГОСТ талаптарына сәйкес келетін маскаларды қызметкерлердің өздерінің тігіп алуы ұйымдастырылса, жұмыс орындарында қауіпті індеттің таралуын ескерткен аншлагтар мен тақтайшалар орнатылған.

Сонымен қатар карантиннің бастапқы кезеңінде дезинфекциялау құралдарының жетіспеушілігі байқалғанда, кәсіподақтық комитеттер мен жұмыс берушілердің күшімен жұмыс орындары мен өндірістік орынжайлар залалсыздандыру құралдарымен және сабынмен үнемі жабдықталған.

«Салалық кәсіподақ өндірістік онлайнкеңестерге де белсенді түрде қатысып келеді. Мәселен, биыл 11 мамырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – бас инженері Батыр Котыревтің төрағалығымен жазатайым оқиғалардың алдын алуда оңтайлы тәсілдемелерді пайдаланған Компания қызметкерлерін сыйақыландыру бойынша комиссияның онлайн отырысы өтіп, оған біз де қатыстық.

Бұл жиын нәтижесінде компанияның 36 қызметкеріне сыйақы беруге шешім қабылданды. Олардың қатарында орта буын жетекшілері, еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі мамандар, сондай-ақ, Қазақстанның барлық аймағынан қатардағы қызметкерлер бар», – деген кәсіподақ өкілі спортты сүйетін теміржолшыларға салауатты өмір салтын карантин жағдайында үйде жалғастыруға насихат жүргізгендерін де айтып өтті. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді