Құрлық арқылы да, теңіз арқылы да өсім бар

Жаңалықтар
11.08.2020, 10:36
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» АҚ еліміздің порттық инфрақұрылымын, қоймалар мен терминалдарды пайдалана отырып, барлық қатынас түрі бойынша көліктік-логистикалық қызметтің толық спектрін ұсынып келеді. Компания ел аумағы арқылы өтетін барлық бағыттар бойынша көлемді арттыруға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізуде.

Тіпті, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қаңтар-маусым кезеңінде Қазақстан аумағы арқылы барлық бағыттар бойынша транзиттік контейнерлік тасымалдардың өсуі байқалып, өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 54%-ды құрады.


Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттің 88%-ын Қытай – Еуропа-Қытай бағыты құрап отыр.


Статистика деректеріне сүйенсек, баламалы дәлізге қарағанда ҚР аумағы арқылы өтетін дәліз қытайлық экспорттаушы-импорттаушылар үшін аса тиімді болып отыр. Жыл басында Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты елімізде транзиттік тасымал көлемі бірнеше есе құлдырап кеткен еді. Алайда, наурыз айында жағдай қалыпқа келе бастады.


Екі-үш ай ішінде межелі жоспарды қуып жетіп, тіпті асыра орындалды. Яғни, 2020 жылдың 6 айында жедел деректер бойынша тасымалдау көлемінің өсімі 96% құрады. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік бағдарлар ресейлік нарықта да жоғары сұранысқа ие болып отыр. Айталық, Қытай – Ресей – Қытай бағыты бойынша тасымал көлемі ағымдағы жылдың алты айында 22 мың жиырмафуттық эквивалент шамасын құрап, өсім өткен жылға қарағанда 45% болды.


Мультимодальды компания мамандары ұсынып отырған дерек, Қытай – Орталық Азия бағдары бойынша да тасымал көлемінің жылдан жылға артып келе жатқаны байқалады. Мәселен, жыл басынан бері аталған бағдар бойынша 106,8 мың ЖФЭ жүк тасымалданып, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда өсім 32% құрады. Атап өтерлігі, Алтынкөлден Ташкентке дейін контейнерлік пойыздың жүру уақыты 1,5-2 күнді құраса, Қашқардан Ташкентке дейінгі балама мульти модальды бағдар арқылы жол жүру уақыты 4 күнді құрайды. Мамандардың айтуынша, Орталық Азия елдерінен бағдар бойынша жоғары сұранысқа ие сервистердің бірі температуралық режимге сезімтал жүктерді тасымалдау болып отыр. Ал KTZ Express климаттық режимі бар арнайы контейнерлердің жеке паркін басқарып, жалға берумен де айналысады.


Бүгінде Компанияның операциясында 430 рефрижераторлық контейнер бар. Осы арада бұл сервис түріне қатысты қызмет көрсетілімі Қытай мен Еуропа, Қытай мен Ресей арасындағы маршруттарда сәтті жолға қойылғанын айтар едік. «KTZ Express» АҚ Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойынша да жүк тасымалын жүзеге асыруға айрықша ден қойып отыр. Нәтижесі же жоқ емес. Мәселен, ТХКБ бойынша жыл басынан бері тасымал көлемі 3,2 мың ЖФЭні немесе 17% өсімді құраған. Шын мәнінде, ТХКБ теңіз порттары арқылы жүктердің бірнеше мәрте қайта тиелуін талап ететін, Әзербайжан, Грузия, Түркияны байланыстыратын күрделі мультимодальды бағдар.


Сондықтан мультимодальды компания үшін теңіз көлігі арқылы жүк тасымалдау аса маңызды. Контейнерлік тасымалдар өсімінің негізгі факторларының бірі ретінде өткен жылы Каспийдегі тұрақты фидерлік желінің іске қосылуын атар едік. Кеме қозғалысының қатаң кестесі бар: әр сәрсенбі сайын жүк Ақтаудан жөнелтілсе, әр сенбі сайын Бакуден жөнелтіледі.


Бұл вагондар мен контейнерлер айналымын оңтайландырып, жеткізу мерзімін шапшаңдатады. Бұл тасымалдардың логистикалық тізбегі «KTZ Express» АҚ тарапынан әзірленіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқаруындағы Ақтау және Құрық қазақстандық порттарының инфрақұрылымы арқылы жүзеге асырылуда.


Әлем елдері сандық жүйеге көшкен қазіргі заманда аталған компания да клиенттерге мейлінше жедел және оңтайлы қызмет көрсету үшін барлық бизнес-процестерді автоматтандырып отыр. Компания жеке кабинетті іске қосып және my.ktze.kz. сайтында клиенттер үшін транзиттік кодтарды алуға өтінімді орналастыру кезінде жеңілдіктер ұсынып отыр.


Жеке кабинеттің мүмкіндіктеріне келсек, ол тек тасымалдауға өтінім беріп қана қоймай, сонымен қатар жүктердің орналасуы мен тапсырыс тарихын бақылауға мүмкіндік береді.

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді