Сервис көкжиегі кеңеюде

Жаңалықтар
18.08.2020, 09:58
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға қолайлы сервис көкжиегін кеңейтуде. Бұл жолы ұлттық оператор жолаушылар пойыздарына жол жүру құжаттарын сату жүйесін жетілдіріп, Kaspi Bank-пен бірге билетті сатып алу бойынша жаңа сервисті іске қосып отыр.

 Бұдан былай сапарға шығуға қамданған жұртшылық билеттерді www.bilet.railways. kz сайтында ресімдеу кезінде, жол жүру құжатының ақысын ұялы телефонындағы Kaspi. kz мобильдік қосымшасы арқылы төлей алады.

Еліміздегі ең танымал сауда алаңдарының біріне айналған аталмыш қосымшаны пайдалану, жолаушылар үшін билеттерді тез әрі комиссиясыз онлайн сатып алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Kaspi.kz қосымшасының қолданушылары билеттерді рәсімдеу кезінде Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша бонустарға ие бола алады.

– Біз Қазақстанның ең танымал және сұранысқа ие банктік сервистерінің бірімен осындай ынтымақтастыққа қол жеткізіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Біз мұны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның жолаушыларға ыңғайлылықты қамтамасыз ету, тұрғындарға билеттерді сатып алудың қосымша нұсқаларын ұсыну жолындағы маңызды қадамдарының бірі деп санаймыз. Билеттерді сатып алу процесін жеңілдете отырып, жақын болу, ыңғайлы болу – клиенттердің тәжірибесін жақсартуға қатысты компания басымдықтарының бірінен болмақ. Біздің жолаушыларымыз мұндай игі бастамаларды бағалайды деп үміттенеміз! – дейді Виктор Бошман «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының Маркетинг және сату жөніндегі орынбасары.

Өз тарапынан Kaspi Bank мұндай сервистерді іске қосу халықтың өмірін жақсартып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен бірлесіп билет төлеу сервисін жақсарту және дамыту жұмыстарын жалғастыратынын атап өтті.

Еске сала кетсек, ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарының электрондық сату жүйесін жетілдіру және жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа қызмет түрлерін енгізіп келеді. Соның бірі, өткен жылдың шілде айынан бастап енгізілген «Күту парағы» қызметі еді. Бүгінгі күнге дейін бұл қызметті 307 мыңнан астам адам пайдаланған. Ал, ағымдағы жылдың жазында WWW.BILET. RAILWAYS.KZ сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша мүгедек жандарға 50% дейін жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн-режимінде рәсімдеу үшін «Мейірім» электронды дисконттық картасы сәтті енгізілді.

Аталмыш картаны бұған дейін 400-ге жуық адам қолданған. Карантиндік шараларды сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларынан жол жүру билеттерін WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-режимде ресімдеуді сұрайды.

Азаматтар өз өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа қызметтерді пайдалану қажеттігін ескертеді. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады