Отырыс бейнеконференция режимінде өтті

Жаңалықтар
25.08.2020, 09:49
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 19-20 тамыз күндері Мәскеу қаласында Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссияның он бесінші отырысы бейнеконференция режимінде өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Грузия, Латвия, Литва, Эстония теміржол әкімшіліктерінің өкілдерімен қатар Достастыққа қатысушы елдердің теміржол көлігі бойынша Кеңес Дирекциясының өкілдері және басқа теміржол көлігі ұйымдары қатысты.

Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі комиссия төрағасы Шевкет Шайдуллин төрағалық еткен онлайн режиміндегі жиынды қатысушылар Кеңестің негізін құраушы қолданыстағы құжаттарына қайшы келмейді деп бірауыздан мақұлдады. Екі күнге созылған жиынның күн тәртібінде жиырмаға жуық мәселе қаралды. Бірінші мәселеде, Комиссияның он төртінші отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы сөз болып, ол туралы Кеңес дирекциясы егжей-тегжейлі ақпарат берді. Екіншісі, 2019/2020 жылдардың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындыларына арналды.

Бұл сұрақ бойынша теміржол әкімшіліктерінің аумақтарында және инфрақұрылымдарында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкелген жағдайлар туралы анықтамаларды негізге ала отырып, «1520 кеңістігінде» қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Келесі бір мәселе, «1520 кеңістігінде» нормативті құжатты әзірлеуге техникалық тапсырманы түзу үшін инфрақұрылым мен жылжымалы құрамға бірыңғай талап тізімін анықтауға арналса, ресейлік «НИИАС» АҚ ұйымы «Үлкен деректер» (BIG DATA) цифрлық сервисін қолдану негізінде «1520 кеңістігінде» қозғалыс қауіпсіздігін басқаруға қатысты инновациялық тәсілдемелерді пайдалану туралы ақпарат берді. Күн тәртібінде халықаралық тасымалдау процесіне қатысушы қызметкерлерді оқытудың бірыңғай бағдарламасын әзірлеу мәселесі де тыс қалмады.

Бұл сұраққа қатысты «Ресей темір жолдары» ААҚ, теміржол әкімшіліктері өз ой-пікірлерімен бөлісті. Достастыққа қатысушы-елдердің халықаралық қатынасында пайдалану үшін теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзған оқиғалардың Бірыңғай сыныптауышын өзектілендіру туралы Литва теміржолының әкімшілігі ақпарат ұсынды. Және де осы елдің теміржолшыларының темір жолдардың техникалық жағдайын жақсарту туралы ұсынысы күн тәртібінде қарастырылған мәселенің бірінен болды.

Сонымен, бірінші мәселе бойынша, яғни Комиссияның он төртінші отырысының шешімдері толық орындалғаны мәлім болды.

Ал екінші мәселеге келсек, бейнеконференцияға қатысушы елдердің теміржол әкімшіліктері ұсынған анықтамаға сәйкес қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу оқиғаларына қатысты жасалған талдау қорытындылары 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында келеңсіз көрсеткіштер саны 2019 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 16,8%-ке немесе 395 оқиғаға азайғанын байқатады.

Осы ретте, комиссия төрағасы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы оқиғаларының өсуіне жол берген теміржол әкімшіліктеріне мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды сұрады. Кеңестің осы отырысында Комиссия төрағасының орынбасары болып Беларусь темір жолының өкілі Николай Петрович Улашиктің кандидатурасы бекітілді.

Сонымен қатар бірқатар ережелер мен нормативті құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ал Комиссияның он алтыншы отырысын 2021 жылдың наурыз-сәуір айларының бірінде Ресей астанасында өткізуге шешім қабылданды. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады