Достық станциясында жаңа терминал салынады

Жаңалықтар
28.08.2020, 10:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың тамызында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Dostyk TransTerminal» ЖШС арасында Достық станциясында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 

Достық – Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін негізгі буын болып табылатын екі ел шекарасында орналасқан станция. Сондықтан бұл құжат аталған станцияның инфрақұрылымын дамыту және өткізу қабілетін арттыру бойынша өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін бастапқы нүктеге айналып отыр. «Dostyk TransTerminal» ЖШС көпфункционалды ауыстырып тиеу жүк терминалының құрылысын Достық станциясынан батысқа қарай 6 шақырымдық жерде бастауды жоспарлап отыр. Жаңа терминал тар табанды жолға келіп тоқтаған темір жол көлігіндегі контейнерлерді кең табанды жолға қайта тиеуге арналып отыр.

Айрықша атап өтерлігі, бұл ретте ауа-райы жағдайларына қарамастан толық құрамды контейнерлік пойызды қайта тиеу аумағының болуы қарастырылып отыр. Жүк ағынының ұлғаюына қарай 450 мың контейнерге дейін кеңейту мүмкіндігімен жылына 100 мыңға дейін контейнерді ауыстырып тиеу қамтамасыз етілмек. Терминал 2021 жылдың сәуірінде іске қосылып, контейнерлік пойыздарды өңдеу жұмыстарын бастамақ. Жаңа терминалдың қазіргі заманғы логистикалық хаб ретінде жұмыс істеуі Достық станциясы арқылы өтетін көлік бағытының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етпек. Бұл Қытай – Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың қарқынды дамып келе жатқан жағдайында ерекше маңызға ие болмақ.

Интеграциялық процестерді қамтамасыз етуде, Еуропа мен Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуда үлкен әлеуетке ие Достық станциясы үш халықаралық көлік дәлізін байланыстырады. Оның географиялық жағынан тиімді орналасуы Қазақстан аумағы арқылы транзиттік тасымалдардың табысты дамуына ықпал етіп отыр. Өсу перспективаларының әлі де бар екеніне жоғарыда атап өткен жаңа терминал құрылысы дәлел болмақ. Жеті айдағы шекаралық станция көрсеткіші де көтеріңкі. Айталық, ТЖЫҰ-ның жоспарлы тапсырмасына қатысты жалпы жүк айналымы – 212 379 вагонды және 8 797 759 тоннаны құрап, жоспар 129% және 108% орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 509 вагонға және 1 609 825 тоннаға артық болып отыр. Контейнерлердегі экспорттық жүкке келсек, ол 33 861 вагонды немесе 1 074 443 тоннаны құрап, 2019 жылдың есепті кезеңіне қарағанда 690 вагонға және 186 561 тоннаға жоғары. Ал контейнердегі жүктерді қабылдау 75 537 вагон және 1 249 167 тоннаны құрады. Сөйтіп, орындалған жұмыс көлемінің өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 156% және 150% ұлғайғанын көреміз.

Станция бастығы Ерболат Түсіповтың айтуынша, қазақстандық және қытайлық тарап тасымалдау көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде, тауар айналымының өсу серпіні байқалады, ал қытайлық әріптестермен сенімді және достық қарым-қатынас қалыптасқан.

«Станцияның әлеуетін іске асыру үшін әлі де көп жоспарлы жүйелі жұмыстар күтіп тұр. Соның бірі – жаңа терминал жобасы», – дейді ол.

Сонымен қатар Достық халықаралық шекаралық өтпесінде теміржол станциясын жаңғырту мен кеңейту бойынша жоба жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде ұзынқұрамды пойыздарды өткізу үшін «Т» шекаралық паркінде төрт қабылдап-жөнелтуші жолдарды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл пойыздарды қабылдау/ өткізу кезінде өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Учаскенің өткізу мүмкіндігін кеңейту үшін 19 разъезде үш қосымша қабылдап-жөнелту жолдары және 19 разъезд – Достық аралығында екінші жолы салынады. Станцияны кезеңімен дамыту жоспарында Достық – Ақтоғай учаскесі бағытына пойыздарды қабылдау/жөнелту мүмкіндігі бар «Г» паркінде қосымша төрт қабылдап-жөнелту жолдарын төсеу және ЭО жаңа постын салу қарастырылған.  

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады