Локомотивтер сынақтан өтуде

Жаңалықтар
21.09.2020, 09:57
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары қатарындағы локомотив пайдалану деполарында локомотивтер қазір кезекті күзгі комиссиялық байқаудан өтуде.

Күзгі комиссиялық тексерістің міндеті әдеттегідей тартымдық жылжымалы құрамның техникалық жағдайын және қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығын тексеру болмақ. Ағымдағы жылы байқаудан 1300-ден астам локомотив өтеді деп күтілуде. Емтихан іспеттес маңызды шараны өткізу үшін әрбір локомотив пайдалану депосында депо директорының жетекшілігімен комиссиялар құрылған. Ал комиссия құрамына келсек, оның қатарында пайдалану депосының, жөндеу кәсіпорындарының, химико-техникалық лаборатория өкілдері, локомотивтерді тәжірибелі қабылдаушылар, инженер-технологтар, машинист-нұсқаушылар, өрт қызметінің инспекторлары бар. Күзгі комиссиялық байқаудың орындалуы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШСнің орталық аппараты тарапынан бақылауға алынған. 

«Күзгі комиссиялық байқау барысында әрбір локомотивтің техникалық, өртке қарсы және мәдени жағдайы тексерілетін болады. Сонымен қатар суық мезгілде машинист пен оның көмекшісіне алаңдамай жұмыс істеуі үшін кабинада қолайлы жағдайдың жасалуы да назардан тыс қалмақ емес. Әсіресе, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аспаптардың істен шықпай, қалтқысыз қызмет етуі ерекше назарға алынбақ. Осылайша, локомотив паркінің жағдайы бес балдық жүйе бойынша бағаланатын болады», – дейді мамандар.

Үстіміздегі жылдың 30 қазанына дейін жалғасатын күзгі байқау барысында локомотив бригадалары техникалық сабақтарда ережелер мен нұсқамаларды қайталап, төменгі температурада, қатты боран тұрып, тоқтаусыз қар жауған шақта үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін қалай амал-әрекет етуді үйренетін болады. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады