Тиімді жоба талас тудырмайды

Жаңалықтар
12.10.2020, 19:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты А-82 көшесінде орналасқан «Нұрлы жол» теміржол вокзалы кешенінде елордадағы екінші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. 10 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов бастаған шенділер жаңа орталықтың жұмысымен танысты.

Тиімді жоба қашан да талас тудырмайды. Қолайлы да ыңғайлы жерде орналасқан жаңа мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетіп қана қоймайды, бұл жаңа МамХҚО қала сыртындағы бұрынғы орталықтың жүктемесін едәуір жеңілдетері сөзсіз. Яғни, бірінші МамХҚО жүктемесінің 60%-ы осы «Нұрлы жолдағы» орталыққа ауыстырылмақ. Вокзал кешенінің бірінші қабатында орналасқан орталыққа келуші клиенттер тексерістен өтіп кіреді. 

Бұл стратегиялық ғимараттағы талап, азаматтардың жекебас қауіпсіздігі үшін де тиімді. Жаңа мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының жалпы аумағы 790 шаршы метр, онда автокөліктерді қайта тіркеуге арналған – 23, жүргізуші куәліктерін ауыстыратын – 3, сондай-ақ, бір-бірден көтерме және жеңілдік терезелері бар. Күту залы, дайын құжаттарды беруге арналған, басқа да қызметтерді, атап айтқанда, нотариус, банк қызметі, сақтандыру компаниясы, тағысын тағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған орындар бар. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігі базасынан ақпаратты анықтама алуға арналған терезе жұмыс істейді. Яғни, бүкіл шаруаны орталықтан шықпайақ тындыруға болады. Сырттағы көлік қоюға арналған тұрақтың аумағы – 70 мың шаршы метр. Атап өтерлігі, үлкен кезек тудырмау үшін сенімді электрондық жүйе жұмыс істейтін болады. Ал күту залындағы орындықтар еліміздегі қазіргі коронавирустық індет жағдайын ескере отырып, адамдардың ара қашықтықты сақтау ретімен орналасқан.

«Бұрынғы орталық күніне екі мыңға жуық адамға қызмет көрсететін. Ал коронавирус пандемиясы жағдайында осыншама көп адамның бір ғимаратта жиналуы қауіпті, сондықтан да екінші МамХҚО-ны ашу туралы шешім қабылданды», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. 

Жаңа жиһаздармен және жабдықтармен жабдықталған орталықтың жұмысымен танысқан қонақтарға жер және жылжымайтын мүлік қызметтерін оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры мен iQala жүйесін енгізу туралы ақпарат берілді. Жалпы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің стратегиялық міндеті – азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде, әсіресе, оларды онлайн форматқа ауыстыру арқылы қолайлы жағдай жасау болып отыр. Атап өтерлігі, COVID-19 пандемиясы кезінде қазақстандықтар цифрлық жаңашылдықтарды белсенді қолдана бастаған. Қазіргі уақытта мобильді азаматтар базасында 9,5 млн қазақстандық тіркелген, eGovmobile мобильдік қосымшасын 3,3 млн азамат жүктеген. Жыл басынан бері автоорталықта 144 мыңнан астам автокөлік қайта тіркеуден өткізіліп, 42 мыңнан астам азаматқа жүргізуші куәлігі берілген. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады