«Пойыздар қозғалысын басқару орталығы»: соңғы көш

Жаңалықтар
29.10.2020, 18:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ магистральдық желінің Батыс өңірінде басталған пилоттық жобасы толықтай іске қосылды. Өткен аптада Қызылорда өңірінен келген соңғы көш те осы аптада жұмысқа қосылды. 

Басшылық құрам диспетчерлер легінің соңғы көшін қарсы алып, жаңа жұмыс орындармен таныстырды. «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» басшысының орынбасары Мағауия Оразқұлов орталық ішін аралатып, жаңа жұмыс орындарын көрсетті. 

Пойыздардың жақындауы, бағыттамалы бұрмалардың, бағдаршамдардың көрсеткіштері туралы ақпарат алу және беру процесінің қалай автоматтандырылатынын түсіндірді. Жоба транзиттік бағыттағы барлық жылдамдықты арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. 

«Орталық – 250 адам жұмыс жасайтын үлкен мекеме. Пилоттық жобаны іске қосу үшін бір жылға жуық дайындық жұмыстары жүрді. Компания басшылығы тарапынан қоныс аударған қызметкерлердің тұрмыс жағдайына ерекше назар аударылып отыр. Тиісінше барлық жәрдемақы уәде етілгендей төленіп жатыр. 

Барлық көмек көрсетіледі. Жұмыстарың алға баса берсін», – деді Ақтөбе жүк тасымалы бөлімі басшысының орынбасары Еділ Шаимов. 

Жағымды жаңалық та хабарланды. Осыған дейін Ақтөбеге кешіп келген диспетчерлерге пәтер жалдау үшін 25 АЕК көмек көрсетілетіндігі айтылса, қазір бұл төлем 45 АЕК-ке жетті. Қоныс аударған диспетчерлердің барлығына 125 010 теңге көлеміндегі көмек көрсетіледі. 

Және пәтерақы екі жыл бойына төленеді.

«Бірінші күн жұмыс жасап жатқан жоқсыздар, бәріңіз жұмысты білесіздер. Балаларды мектепке, балабақшаға орналастыру, медициналық анықтама алу секілді мәселелерде қиындық болмайды», – деді магистральдық желінің Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Болат Аюпов. 

Төрт қабатты ғимаратты аралап көрген қызылордалық диспетчерлер орталықтың толық пайдалануға дайын екенін көздерімен көрді. Орналасып болысымен жұмысқа қосылуға дайын екендерін жеткізді. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады