Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға жүріп бара жатқан пойыз адам басып кетті

Жаңалықтар
03.11.2020, 09:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан станциясында өткен 10 ай ішінде жолға бөгде адамның шығуы бойынша 1 жағдай болды. Биылғы 13 тамыз күні сағат 01.17-де №2830 пойыз Қарағандыға жүріп бара жатқанда адам басу оқиғасы тіркелді. 

Ішімдік ішкен адам рельс бойында жатқан, пойыз машинисі оқыс тежеу беріп, жолдағы адам басынан жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі. Азаматтардың темір жол бойына шығып кетуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар карантин кезінде де жүргізілуде. Жыл басынан бері локомотив депосы, желілік тәртіп сақшылары, әскерилендірілген күзетпен бірге 213 адамды қамтыған 14 рейд жүргізілді. 

Темір жолға жақын №49, 21, 25, 26 мектептері мен колледждер бойынша 394 адамды қамтыған әңгімелесулер болды. «Темір жол – қауіпті аймақ» тақырыбында бейнероликтер жасалып, таратылды. 

Маневр жұмыстары өндірісі мен келген-кеткен пойыздар туралы станцияда адамдарды дер кезінде құлақтандыру тәртібін қамтамасыз ету, станция аумағында, жолаушылар платформалары мен перрондарында қауіпсіздікті қатаң сақтау ережелері жазылған плакаттар мен аншлагтарды жаңарту жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 

– Айына 1 рет өткізілетін «Станция бастығы күні» кезінде ПЧ, ШЧ, ЭЧ, ЖП басшыларымен бірге ұйымдастырылған жұмыстардың қорытындысы шығарылады. Елорданың Сарыарқа ауданы бойынша жиындарға қатысып, теміржолға қатысты өткір мәселелерді талқылауға атсалысамыз, – дейді станция бастығы Е.Рахымжанов. 

Станцияда бөгде адамдар мен пойыз қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіретін бірнеше қауіпті телім бар. 

Қала темір жол арқылы екіге бөлініп жатыр. Мәселен, станцияның тақ паркі арқылы К.Кемеңгерұлы көшесі жағынан вокзалға қарай, станцияның сұрыптау паркі арқылы Ақжол көшесі жақтан вокзалға қарай, сондай-ақ дөңесалды парк арқылы Өндіріс тұрғын алабы жақтан Республика даңғылына қарай және 804-805-шақырымдардағы өткелдер арқылы өтетін адамдар ағыны көп. 

Сондықтан жолға бөгде адамдардың өту мәселесі әлі сол күйі өткір қалып отыр. Станция басшылары бұл жағдайды реттеу үшін станция аумағын периметрі бойынша қоршау, станцияның анағұрлым қауіпті деген аймақтарында күзетті арттыру қажеттігін айтады.

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады