«Карантин бұрышы» жасақталған

Жаңалықтар
05.11.2020, 20:32
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде жолаушылар тасымалына «жан біткелі» тоғыз жолдың торабы «Нұрлы жол» вокзалында да қызу тірлік қалпына келді. Бірақ, қаупі сейілмей отырған пандемияға байланысты сақтық шаралары әлі де қатаң сақталып отыр. 

Бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес кешенді нұсқаулықтар, жеке бас қорғаныш құралдарын уақытында ауыстырып отыру, зарарсыздандыру және жуу құралдары мен антисептиктердің қажетті қорымен жасақтап, оны қадағалап отыру, нұсқаулықты мерзімді жүргізу бойынша журналдарды толтыру жұмыстарына жауапты мамандар бекітілген. 

Вокзалда барлық жердегідей маска тағу режимі сақталады. Кешенге кіреберістерге сағат сайын залалсыздандырғыш құралдар себілетін 11 кілемше бар. Сондайақ кірерде қауіпсіздік қызметі жолаушылардың қызуын контактісіз термометрмен тексереді. 

Күн сайын кешен қызметкерлеріне термометрия жүргізіледі. Кіреберістерде және адам көп жиналатын жерлерде қолды зарарсыздандыруға арналған 41 санитайзер қойылған. 

Қызметкерлер және жолаушылар арасында 2 метрден кем емес арақашықтықтың сақталуы бақылауға алынып, едендерге әлеуметтік қашықтық пен адамдар ағынын бағыттауға арналған жапсырмалар желімделген. 

Залдарда ауаны зарарсыздандыру үшін үш рециркулятор қойылған. Ең бастысы, COVID-19 белгілері бар жолаушылар немесе қызметкерлерге жедел жәрдемге дейін оқшаулау үшін «Карантин бұрышы» жасақталған. Вокзал кешені аумағында жеке қорғаныш құралдарын жоятын арнайы урналар қойылған. Әр 30 минут сайын жолаушылар санитарлық сақтық шараларын сақтау керектігі жөнінде дауысзорайтқыш байланыс немесе бейнероликтер арқылы ақпараттандырылып отырады. 

Биылғы 2 қарашадағы деректер бойынша кешенде 50 мыңнан астам медициналық масканың, 22 мыңнан астам медициналық қолғаптың, 3451 литр антисептик, 2072 банка зарарсыздандырғыш құралдың, 720 дана обаға қарсы костюмнің қоры бар.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде 2020 жылға жолаушылар пойызы қозғалысының бекітілген кестесіне сәйкес 19 жұп жолаушылар пойызы жүреді. Карантин шараларына байланысты 2 қарашадағы жағдай бойынша қазір кешен арқылы 14 жұп пойыз қатынап тұр.

Биылғы жылдың 10 айы ішінде 1 635 млн жолаушыға қызмет көрсетілген. Бұл орташа тәулікке шаққанда 5 378 мың адамнан келеді. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады