Мәселенің оң шешімін табуға мүдделі

Жаңалықтар
07.12.2020, 21:39
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бастамасы бойынша «Атамекен» ҰКП алаңында экспорттаушылардың, жүк жөнелтушілердің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, «KazGrain» экспорттаушылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен Қытай бағытында теміржол көлігімен жүк тасымалдау және жөнелту алдында астықты фумигациялау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңес барысында жүк жөнелтушілер астық тиегіштерді зарарсыздандыру процедураларын өз бетінше жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. Соңғы уақытта Достық-Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы пойыздарды өткізу екі есеге қысқарып, нәтижесінде, Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк вагондарының кептелісі пайда болды. Достық-Алашанькоу мен Алтынкөл-Хоргос шекаралық станцияларды қосқанда 200-ден астам пойыздың қозғалысы тоқтап, «тастандылар» қатарын толықтырып отыр. Егер үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сүйенсек, 12 мыңға жуық вагон өткізу кезегін күтіп қаңтарылып тұр, ал 192 пойыздың немесе 9600 вагонның қозғалысы тоқтатылған. Қытай тарабы жабық вагондар мен ашық вагондардағы жүктерді қабылдамай отыр. Соңғы 15 күнде жабық вагондардағы жүктерді, атап айтқанда, қаптарға тиелген дәнді-дақылдарды, түсті металл, тыңайтқыш, құрылыс материалдары, мақта, сондай-ақ, ашық вагондардағы кокс, орман ағаштары, ферроқорытпа сияқты жүктерді қабылдамаған. Бұл, әрине, жүк жеткізу мерзімінің бұзылуына әкеліп отыр. 

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1-10 желтоқсан аралығында шекемтастарды (окатыш) тасымалдауға арналған контейнерлер мен жартылай вагондарды қоспағанда, басқа жүктерді тиеу шектелген. Бұдан бөлек, 5-15 желтоқсан аралығында кокс тасымалдауға арналған контейнерлер мен вагондардан басқа жүктерді қабылдауға транзитке шектеу енгізіліп отыр. Еуропадан Қытай еліне бағытталған контейнерлерді қабылдауға да шектеу қойылған. Осылайша, қазірдің өзінде Достық-Алашанькоу бағытында 45 контейнерлі пойыз тастанды болып отыр. Егер олардың саны ұлғайған жағдайда, Еуропадан Қытайға контейнерлерді қабылдау шектелуі мүмкін, ал бұл Қытай-Еуропа-Қытай бағытында транзиттік контейнерлерді тасымалдау имиджі мен дамуына жағымсыз әсер етері анық. 

Қазақстандық экспорттаушылардың жүк тиелген құрамы шекара маңындағы учаскелерде қозғалыссыз тұр. Ал Қазақстан тарабы Қытайдан пойыздарды жедел және толық көлемде қабылдап отыр. Ұлттық компания вагондар айналымының ұлғаюы мен бос тұрып қалуына байланысты едәуір шығынға ұшырап отыр, оның үстіне жүктерді жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін жүк жөнелтушілерден шағымдар саны да артқан. 

Осылайша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ДостықАлашанькоу шекара өтпесі арқылы ҚХР бағытына шекемтастарды тасымалдауға арналған контейнерлердегі және ашық вагондардағы,биг-бэгтердегі жүктерден басқасын тиеуге шектеу шараларын қабылдауға мәжбүр болды. Нәтижесінде қараша айында 2 129 вагон (125 мың тонна) жүк тиелмеді, ал ағымдағы жылдың 1-3 желтоқсан аралығында бұл көрсеткіш 367 вагонды (22,3 мың тонна) құрады. Сонымен қатар, желтоқсан айында ҚХР вагондарды қабылдауды 50%-ға қысқартуға ниетті екендерін мәлімдеді. Ал бұған дейін мәлімделген нақты көлем 26 мыңнан астам вагон (1 635 мың тонна жүк) болса, Қытай тарапы енді тек 15 мың вагонды, яғни 992 мың тонна жүкті қабылдайтын болып отыр. 

Бұл түйткілді мәселені шешу үшін қазақстандық темір жол әкімшілігі тасымалдау процесін реттеу бойынша шаралар қабылдауға кірісті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қытай темір жолдары» МК Басқарма төрағасының атына бірнеше рет жүгінген болатын. Жүк тиеуге мәжбүрлі тыйым салу әрекетіне байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жүк жөнелтушілерден тиеу жоспарын орындамағаны үшін айыппұлды алып тастады. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Қытай халық республикасымен үкіметаралық комиссияның кезектен тыс кеңесін ұйымдастыруды сұрап 

хат жолдады. Бұдан басқа, Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржол әкімшіліктері басшыларының қолы қойылған «Қытай темір жолдары» МК Басқарма төрағасының атына жүгіну жобасы дайындалуда. 

Тағы бір атап өтерлік жайт, қазақстандық шекара маңындағы станциялар эпидемияға қарсы нормаларды қатаң сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда, қытай станциясының аумағында қазақстандық теміржолшылар жұмыс істей алмай отыр, өйткені ҚХР-ға барғандар 14 күндік карантинге жіберілуде. 

Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын
Әлемде
15.05.2026
Биыл Ресей теміржолдарында апат пен пойыздардың рельстен шығу жағдайлары көбейген
Жолаушылар тасымалы
15.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Аймақтар
15.05.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін күзеткен теміржолшылардың аналарына құрмет көрсетілді
Инфрақұрылым
15.05.2026
Жаңаланған жолдар – қауіпсіздік кепілі
Аймақтар
15.05.2026
Көктемгі байқау кемшіліктерді анықтады
Аймақтар
15.05.2026
Семейлік теміржолшылар қаржылық сауаттылығын арттыруда
Жаңалықтар
15.05.2026
Астанада жас теміржолшылар үшін кәсіби бағдарлау курсы өтті
Аймақтар
15.05.2026
Әмбебап маман
Аймақтар
15.05.2026
Қауіпті сейілткен теміржолшының анасы алғысқа бөленді
Аймақтар
15.05.2026
Бір жұмысшы – бір өсімдік
Жаңалықтар / Мұрағат
15.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №37 15 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Солтүстік Қазақстандағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақтар
14.05.2026
Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты
Әлемде
14.05.2026
Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр
Инфрақұрылым / Инфографика
14.05.2026
Қазақстанда темір жолдарды жаңғыртудың жоспарланған көлемінің үштен бірі орындалды