Жыл жетістігі - жоғары көрсеткіш

Жаңалықтар
28.12.2020, 14:48
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Айнабек Жұқашевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте санаулы күннен соң тарих қойнауына табыстағалы отырған биылғы жылдың болжамды пайдалану көрсеткіштерінің қорытындысы шығарылды.

– Ағымдағы жыл еліміз үшін ауыр жыл болды. Десек те, Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы мемлекет басшылығы жариялаған карантин жағдайында жұмыс істеу барысында тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, коронавирус инфекциясының таралмауына барын салды. Бұл мәселеге Ұлттық компанияда айрықша мән бергенін білесіздер. 

Біздің бөлімшенің шекарасы Ресей темір жолдарына қарасты Оңтүстік Орал теміржолымен түйісетін болғандықтан, Көкшетау депосының локомотив бригадалары Петропавловск демалыс үйіне барып тынығып алар болса, РТЖ-на қарасты Қорған депосының локомотив бригадалары біздің аумақтағы Пресногорьковск станциясына тоқтайды. Бұдан бөлек Ақмола бөлімшесі шекарасымен жанасатын өзге де түйіспе жолдардың, Қостанай, Қарағанды, Павлодар ЖТ бөлімшелерінің локомотив бригадалары біздің аумақта кіріп-шығып жатады, алайда, бірлесе әзірлеген ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың нәтижесінде вирустық инфекцияның таралуына жол берілмеді, – деді өз сөзінде Айнабек Жұқашев. 

Бөлімше басшысы межелі мерзімде НұрСұлтан-Атбасар телімінде жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп біткенін, ал бұл өз кезегінде ҚытайБатыс Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалдардың бағдарлық жылдамдығын орындауға қатысты алға қойған міндеттердің іске асуына мүмкіндік беретінін атап өтті. 

– Контейнерлік тасымалдың бағдарлық жылдамдығын арттыру – Компания басшылығының магистральдық желі жұмысшыларының алдына қойып отырған маңызды міндеті. Бүгінде бұл міндетті ақмолалық теміржолшылар абыроймен атқарып келеді. Келер жылы да біз осы үрдісімізден жаңылмай, жұмыс істейтін боламыз деп сенемін, – деді ол.

Күн тәртібінде қаралған келесі бір мәселе, пайдалану көрсеткіштерінің орын далуы болды. Атап өтерлігі, пайдалану көрсеткіші жай ғана орындалып қана қоймай, өткен жылмен салыстырғанда жақсара түскен. Әсіресе, жүк айналымы сияқты қор құраушы көрсеткіштің жақсаруы – шынында, үлкен жетістік. 

Мәселен, жүк айналымының жоспарлы көрсеткішінің 102% аса орындалуы, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда көрсеткіш деңгейінің айтарлықтай жақсарып, 104% асып жығылғанын аңдатады. Әлбетте, мұндай жағдайда локомотив паркін пайдалану көрсеткіштерінің, яғни локомотив өнімділігі, локомотив жүрісі, пойыздардың техникалық және телімдік қозғалыс жылдамдықтарының орындалып, жақсара түсері анық. Бөлімше ұжымы жылдың соңына дейін осы мақсат-міндеттерді бағындыруға күш салмақ. Осыған орай әрбір басшы мен бөлім бастықтарына нақты тапсырма беріліп отыр.

Келесі бір маңызды мәселе, пойыздар тартымына кететін отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеп және өлшегішке нақты норманы төмендету болса, бұл бағытта да ауыз толтырып айтарлық жетістік бар. Биылғы жылды бөлімше 300 тоннадан астам дизель отынын үнемдеумен аяқтап отыр. Сондай-ақ, Компанияның кірісін арттыру мәселесі бойынша да Ақмола ЖТ бөлімшесінің ұжымы барлық межелі шараларды орындап, тіпті алдағы жыл еншісіне бағытталған жаңа іс-шараларды да жоспарлап қойған.

Жиынды қорытындылаған бөлімше директоры пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теміржолшылардың еңбегін қорғау күн тәртібіндегі басты мәселе болып қала беретінін атап өтті. «2021 жылы еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы айтулы жылда ақмолалық теміржолшылар ел экономикасына сүбелі үлес қосып және Компания мәртебесін арттыру жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін», – деп түйіндеді сөзін Айнабек Жұқашев. 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті