ҚТЖ 100 жас есім: табыс тетігі

Жаңалықтар
16.06.2021, 16:13
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Екінші жыл қатарынан жүзеге асып жатқан «ҚТЖ 100 жас есім» жобасы шеңберінде болашақ жас мамандарды іріктеу барлық құрылымдық бөлімшелерде жүргізілді. Бүгінгі таңда жас теміржолшылар кәсіби білімдері, дағдылары, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша іріктеліп, кейіннен басшылық лауазымдарға ұсыну үшін компанияның кадрлық резервіне енгізілген. Жобаға қатысушылар қатарында Жомарт Мырзабеков пен Ержан Келдібаев бар. 30 жастағы Жомарт Мырзабеков осы жылдың сәуір айында Павлодар магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Екібастұз жол дистанциясының бастығы болып тағайындалды. Ол М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын және Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын Астана жол дистанциясында жол монтері болып бастаған. Ал Ержан Келдібаев осы жылдың мамыр айында Павлодар локомотив пайдалану депосы бастығының орынбасары қызметіне жоғарылады. Оған дейін жас маман Екібастұз локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы болды. Ол академик Қ.Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын және Омбы мемлекеттік қатынас жолдары университетін бітірген. Темір жолдағы алғашқы тәжірибесін «Локомотив 2030» ЖШС – «Екібастұз локомотив депосында» электровоздарды жөндеу жөніндегі инженер-технолог болып бастаған. Қазіргі таңда «ҚТЖ 100 жас есім» жобасының қатысушылары оқудың екінші жылын өтіп жатыр, онда олар ішкі жаттықтырушылардың құзыреттіліктерін дамытып, ағылшын тілін үйренуде. Жоба компанияның екі басты корпоративтік құндылығы – көшбасшылық және өршілдік шеңберінде іске асырылуда.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті