Ұзақпай Мамин қайтыс болды
Оқуға 1 мин
2021 жылдың 13 маусымы күні 84 жасқа қараған шағында еңбек ардагері, Халықтар достығы және «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Ақмола облысының құрметті азаматы Ұзақпай Жапарұлы Мамин қайтыс болды.
Ұзақбай Жапарұлы 1937 жылы 1 наурызда Ақмола облысы Ерейментау ауданының Благодатное ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыс саласында бастады. Кейін «Целиноградэлеватормельстрой», «Целинсантехмонтаж» трестерінде, Целиноград облысының агроөнеркәсіптік комитетінің құрылыс кешенінде түрлі басшылық қызметтер атқарып, қатардағы маманнан ірі кәсіпорын жетекшісіне дейін ұзақ та жемісті еңбек жолынан өтті. Өзі туып-өскен Ақмола өңірінің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты.
Ұзақбай Жапарұлының жарқын бейнесі оны білетіндердің есінде мәңгі сақталады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшылығы мен ұжымы марқұмның туған-туыстарына, ұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге қайғысына ортақтасып көңіл айтады.