Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады

Жаңалықтар
22.06.2021, 10:21
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ағымдағы жылдың 17 маусымында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарау бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктерінің уәкілетті өкілдерінің IX Кеңесі бейнеконференция режимінде өтті. Конференцияға Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Әзербайжан республикаларымен бірге Оңтүстік Кавказ теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар 8 кеңестің шешімдерінің орындалуы, теміржол көлігі саласындағы экологиялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық орталықтың 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық орталықтың жұмыс тобы туралы ережені бекіту мәселелерін талқылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ атынан сөз алған Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев өндірістік қауіпсіздік процестерін жақсарту бағытындағы цифрлық шешімдер ретінде KTZHSE Өндірістік қауіпсіздік біріктірілген жүйесі жобасын көпшілік назарына ұсынды. «Өндірістік қауіпсіздік» біріктірілген жүйесіне енгізілген «Экологиялық қауіпсіздік» модулі 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл модульдің үлкен функционалы бар және ол экологиялық қызметті цифрландырудың негізгі құралы болып табылады. Компанияның филиалдары мен еншілес ұйымдарының экологтары модульде белсенді жұмыс жүргізуде. Осы модульді қоршаған ортаны қорғау бойынша жауапты тұлғалардың жұмысына енгізе отырып, біз эмиссияларды есептеуді толығымен автоматтандырдық, айыппұл санкцияларын салу тәуекелдерін бақылап, ҚР заңнамасының талаптарын сақтап, қағаз жүзінде іс жүргізуді қысқартып, кадрлардың тұрақтамауына байланысты жұмысқа тиетін кері әсерлерді азайтып отырмыз. Сондай-ақ, адами факторларды жойып, уақытты үнемдеу мүмкіндігі туып отыр», – деді модульдің ерекшеліктеріне тоқталған Сағат Қабиев. Жиын соңында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері уәкілетті өкілдерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау жөніндегі кезекті кеңесі 2021 жылдың қазан айында өткізілетін болып келісілді.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті