Нұр-Сұлтан - Орал жолаушылар пойызы белгісіз жерде теміржол рельстерінен өтіп бара жатқан 25 жастағы жігітті қағып кетті. Оқиға бүгін сағат 10-да Орал-Желаево учаскесінде болған.  "Нұр-Сұлтан - Орал" қатынасындағы №57 пойыз 63-64 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап киіп, жүріп бара жатқан пойыздың алдынан өтпек болған. Бұл факт зардап шегушінің кінәсінен жазатайым оқиға ретінде сараланады. № 57 пойыз "Сарыарқа Компани"ЖШС жеке компаниясына тиесілі. "ҚТЖ "ҰК" АҚ қызметкерлерінің болған оқиғаға кінәсі жоқ. "ҚТЖ" ҰК " АҚ осындай жағдайлардың алдын алу және адамдарды басып кетуге жол бермеу үшін халықпен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
2021 жылдың 5 айында елді мекендердің тұрғындарымен 492 жиналыс өткізіліп, құқық қорғау органдарымен бірлесіп 233 рейд ұйымдастырылды, 99 әкімшілік айыппұл салынды. Темір жол жаяу жүргіншілер жолымен қиысатын жерде қауіп-қатерді ескерткен 828 белгі орнатылып, 536 белгі жаңартылды.