Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға барлық ірі вокзалдарда Ashyq жобасы енгізілгенін еске салады. Бұл коронавирусты жұқтырғандар мен байланыста болған адамдарға қолжетімділікті шектейді. Қазіргі уақытта «қызыл» немесе «сары» анықтамасы бар адамдардың вокзал ғимараттарына өтуі жағдайлары жиілеп кетті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ashyq.kz! сайтында орналастырылған бейтарап QR-кодтың көмегімен өз анықтамасын Ashyq қосымшасында және Kaspi.kz сайтта алдын ала тексеруді сұрайды.