Егу науқанына белсенді қатысудың арқасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ 13 филиалы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  Тек соңғы аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының 4 ұжымы ауруға қарсы иммунитеттің қажетті деңгейіне жетті. Бұл Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі, Алматы орман екпелерін қорғау дистанциясы, Қапшағай көпір жасағы және Жолды диагностикалау орталығы. Компания тобы бойынша бүгінгі күні барлығы 64 мыңнан астам адам екпе алды. Вакцинациялау бойынша ең белсенді аймақтар ретінде Көкшетау, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Илецк қалып отыр.